Жатақхана

obsh-11Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің құрылымында студенттерге арналған 6 жатақхана және бір Студенттер үйі бар. Жыл сайын 1 курсқа қабылданған студенттер жатақханамен толық қамтамсыз етіледі.

Жатақханаларда студенттерге барлық жағдай жасалған. Әрібір жатақхана қыздарға арналған демалыс бөлмелерімен жабдықталған.

Атап айтқанда, компьютер сыныбы, ас әзірлейтін, кір жуатын, теледидар қарап, газет-журналдар оқитын, тіпті шаштарын әсемдейтін сұлулық залдары да, тренажер бөлмелері жұмыс жасайды.

Жатақханалар сымсыз Wi-Fi желісімен қамтылған.

Алдағы уақытта 9-қабаттық 450 орындық жатақхана салынып, пайдалануға берілмекші.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 –жылдық мерейтойына қарсаңында бассейн құрылысы басталды.