«Ұлпан» асханасы

«Ұлпан» асханасы – типтік жүйеде, Қазмемқызпу-дың аумағында екі қабатты жеке ғимарат болып орналасқан және қалалық коммуникациялық жүйеге қосылған. Қоғамдық тамақтану мекемесінің тамақтанушылар құрамын мемлекеттік білім грантының иелері –студенттер құрайды. Қазіргі таңда «Ұлпан» асханасы орта есеппен 2200 студент білім гранты иелерін тамақтандырады. Тамаққа төлеу жүйесі –талондық жүйе. «Ұлпан» асханасында бір күндік тамақтану шығыны бір студентке шаққанда 2014-2015 оқу жылында 664,00 теңгені құрайды (сондай-ақ ертеңгілік ас - 125,00 теңге ,түскі ас - 283,00 теңге кешкі ас - 256,00 теңге). Мұнда Алмалы ауданы санитарлық эпидемиологиялық қызметтің келісімімен аптаға арналған ас мәзірі жасалады.

Мемлекеттік білім иелері-студенттерге арналған тұрақты тамақтану кестесі құрылып:

таңғы ас - 7:30-8:30,

түскі ас - 12:30-15:00,

кешкі ас - 18:00-20:00 болып белгіленген.

«Ұлпан» асханасыда дұрыс жүйедегі өндірістік технологиялық цех (ыстыққа, етке, көкініске, кондитерлік тағамдарға арналған және екі асханалық, кухнялық ыдыстарды жууға арналған цехтар, тауық жұмыртқаларын жууға арналған жеке бөлме, тағамдары күндік нормада сақтауға арналған қойма) жұмыс істейді. Арнайы қоймалар ғимаратың жер төлесінде орналасқан .
Көтергіштігі 500 килограмдық жүкке арналған лифт жұмыс істейді. Сондай-ақ, шикі және дайын өнімді сақтау ережелері қатаң сақталады. Асхана ғимараттың сорғыштық- желдеткіштік жағдайлары жақсы жолға қойылған. Аралас жүйедегі (табиғи және қуат көзін үнемдеуші жрықтарымен) жарықтандырлған. Асхана есебі бойынша өндірістік – технологиялық жабдықтарымен үнемі жаңартылып, жеткілікті қамтылып отырады. Асхана қызметкрелері тарапынан жеке гигиена ережелері қатаң сақталады: 2 душ бөлмесі 2 санузел, шкафтар асханалық киімдер мен жеке киімдерге арналған бөлме бөлінген.
Қызметкерлер әрқайсысы 3 пар арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Асханада штат бойынша еңбек етушілер 66 адамды құрайды. Барлық еңбек етуші уақытымен медициналық тексеруден өтіп отырады, Барлығында санитарлық кітапша бар. Штатта асхананың өзінің өндірістің санитарлық гигиеналық жағдайын бақылап отыратын және келіп түскен шикі тамақ пен дайын тамақтың сапасын тексеріп отыратын санитарлық дәрігерлер қызмет етеді. Сонымен қатар, асхана тамақтандыруды ұйымдастыру аймағындағы журналдарды (бракержды журнал, денсаулық журналы, тазалық күннің кестесін) жүргізеді. Дайындалған тағамдар комиссия мүшелерінің: өндіріс меңгерушісі , аспаз-бригадир, санитарлық дәрігердің тексеруінен өткізілгеннен кейін шығаруға рұхсат беріледі.

«Ұлпан» асханасының мақтанышы - табиғи гүлдермен көмкерілген, үлкен тұтас терезелі, айналарымен қапталған керемет колонналары көз тартатын кең де жайлы тамақтану залы. Бұл залдың сиымдылығы-550орын бар. Бір орынның өзінің кеңдігі 4 орынға сай келеді. Білім гранты иелері- студенттерінің көптігін ескере отырып, тамақтанушылар дың санына қарай қызмет көрсету уақытын үнемдеу мақсатында күнделікті ас мәзіріне
1 комплекс мәзірі ұсынылады. (ертеңгілік ас, түскі ас және кешкі ас). Тамақтанушылраға қолайлы жағдайлар жасалған: жеткілікті дәрежеде қол жуғыштар мен электірлі қол кептіргіштер орнатылып ,сыртқы киімдерүшін арнайы шешінетін бөлме бөлінген. Студенттерге 4,5,6, дәрежедегі қәсіби аспаздар мен білікті мамандар қызмет көрсетеді.

SAM 0110 SAM 0135 SAM 0109 SAM 0114 SAM 0118 SAM 0127