Миссия және бағдары

Миссия

Білімді (ғылымды) дамыту және қыздарға педагогикалық білім беру; белсенді азаматтық ұстанымы бар мамандарды даярлау, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрпын сақтай отырып, білімді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау (біріктіру) үшін қолайлы жағдай жасау.

Бағдар

- университеттің әлемдік білім кеңістігінде заманауи қыздар оқу орны ретінде мойындалып қалыптасуы;
- университеттің Қазақстан жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі көшбасшыларының бірі ретінде орнығуы;
- инновациялық технологияларды және білім беру қызметін жақын шетелдерге экспорттаушы университет;
- алдыңғы қатарлы дүниежүзілік агенттіктермен аккредитацияланған корпоративті менеджменттің тиімді жүйесіне ие университет;
- төзімділікті, ұлтаралық келісімді, ананың, асыл жардың және қазақ қыздарының жарқын бейнесін насихаттайтын университет;
- «Ұлттық университет» мәртебесі талаптары мен өлшемдеріне жауап беретін жоғары оқу орны.