Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры

Алиев Баходир Азимджонұлы

Әлиев Баходир Азимджонұлы

24 қаңтар 1972 жыл

А.Навои атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті

Маманы - Теоретикалық физика

Алиев Баходир Азимджонұлы 1972 жылы Өзбекстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Самарқанд қаласында дүниеге келді. 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласына көшіп келді, 1989 жылы Пушкин атындағы №7 орта мектебін бітірді. 1994 жылы А.Навои атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірді. 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология факультетінде машықтанушы оқытушы болып жұмыс істеді. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде физика факультетінің қатты дене физикасы кафедрасының аспирантурасына түсті. 1999 жылы жоғары аталған кафедраға аға оқытушы болып жұмыс атқарды. 2000 жылдан бастап физика факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары болды. 2000 ж. «Процессы накопления радиационых точечных дефектов в мелкодисперсных металлических средах» атты тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылыми академигі Ш.Ш.Сарсембинов және физика математика ғылымының докторы Ю.А. Зайкинаның басшылығымен кандидаттық диссертация қорғап шықты. 2002 жылдың қаңтар айынан 2006 жылға дейін физика факультетінде оқу ісі жөніндегі декан орынбасары болып жұмыс атқарды. 2008 жылдан бастап ҚазҰУ-де физика факультетінің қатты дене физикасы кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін ҚазҰУ-дың физика факультетінің деканы болып тағайындалды. 2010 жылы «Кинетика накопления радиационных точечных дефектов в дисперсных металлических средах и полимерах» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғап шықты.

2012-2013 оқу жылында ҚазҰУ-дың физика факультетінің қатты дене физикасы және сызықты емес физика кафедрасының профессоры болды.

Бүгінгі күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры болып қызмет атқаруда.