Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры

Noketaeva-Dinar

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы

4 қараша 1964 жыл

1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін химия мамандығы бойынша бітірген 

 

2011 жылдың тамыз айының 10-шы жұлдызынан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарып келеді. 

2008 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы 

2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
1999 жылдың қазанынан бастап Жамбыл ауданы мәслихатының Хатшысы болды.
1994 жылдың қаңтарынан 1999 жылдың қазанына дейін Жамбыл ауданы әкімшілігінің референті, аудандық мәслихаттың жетекші маманы қызметтерін атқарды.

1992 және 1993 жылдары Жамбыл аудандық атқару комитетінде жастар ісі бойынша инспектор, аға референт болып қызмет істеді.

1986 жылы Алматы облысының Іле, Жамбыл аудандарында балабақша тәрбиешісі, химия пәнінің мұғалімі болып бастады.

Марапаттары

Д.Ж. Нөкетаева 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік награда «Құрмет» орденімен, сонымен бірге
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.),
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.),
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.) ,
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерекелік медалдармен марапатталды.

Ректор Блогы exlink