Кітапхана

Ғылыми кітапхана тарихы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ғылыми кітапханасы оқу, тәрбие процестерін оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен және ақпаратпен қамтамасыз ететін мәдениет тарату орталығы болып табылады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты 1944 жылы құрылған.
1948 жылы кітапхана ашылып, кітап қоры жан-жақтан жинақталып, жылдың соңына қарай 3190 дананы құрады.

1984 жылдан бастап кітапхана жаңа ғимаратқа көшіріліп, оқырмандарға 5 оқу залы, 2 абонемент қызмет көрсетеді. Кітапхананың жалпы ауданы - 4400 шаршы метр. Оқырмандар залында орындықтар саны - 450 орын.