Ректор Аппараты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ректорының Аппараты (бұдан әрі – ректор Аппараты) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық универистетінің (бұдан әрі - Университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ректор Аппаратының қызметі білім туралы заңнамаға, еңбек заңнамасына, мемлекеттік мүлік туралы, қаржылық қызмет туралы, бухгалтерлік есептілік туралы заңнамаға, Университеттің Жарғысына және осы Ережемен айқындалған ережелерге негізделеді.

Ректор Аппараты қызметінің құқықтық негіздемесі болып, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің, Университет ректорының бұйрықтары мен өкімдері, және Университеттің басқа да нормативтік актілері танылады.

Ректор Аппараты қызметін жоспарлау Университеттің даму Стратегиясы негізінде іске асырылады.

Ректор Аппаратының құрылымы және штаттық кестесі Университет ректорымен бекітіледі.
Университеттің басқа да құрылым бөлімшелерімен ректор Аппаратының біргелікті қызмет атқару шегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Университеттің нормативтік актілерімен айқындалады.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІМЕН КҮРЕС БОЙЫНША УНИВЕРСИТЕТ ОРГАНДАРЫ: БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕН БАСҚА ДА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРЫЗДАРЫН ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Университет деңгейінде қызметкерлердің, білім алушылардың және басқа да тұлғалардың арыздары университеттің барлық лауазымды тұлғаларымен қарастырылады. Өтініш түрлері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында көрсетілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес азаматтардың арыздары (өтініш, ұсыныс, шағым, үндеу және сұрау) ұйымға келіп түскен сәттен бастап белгіленген тіркеу нысанда тіркелген және орталықтандырылған болып есептеледі. Университет деңгейінде, тәртіптік, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністері бар істермен байланыстыістерді қарау мақсатында, университетте тәртіптік комиссия құрылған. Барлық құрылымдық бөлімше басшылары қызметкерлер мен білім алушылардың өтініштерін қараушы субъект болып табылады. Көрсетілген қатынастар 2012 жылғы 11 желтоқсандағы «Тәртіптік комиссия туралы» Ережемен (№260 бұйрық), 2012 жылғы 04 шілдеде (№126 бұйрық) Ішкі еңбек тәртібі Ережесімен, 2012 жылы 14 желтоқсандағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Нұсқаулықпен (№274 бұйрық) реттеледі.