Университет тарихы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты және М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі 1944 жылдың сәуір айында СОКП Орталық Комитеті бюросының қабылдаған "Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог-мамандар дайын-дау" туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды.
Қабырғасы жаңа қаланған институттың құрамындағы физика-математика, тарих, тіл және әдебиет факультеттерінің әрқайсысына 30-дан студент қабылдауға және 2 жылдық дайындық курсын ашу, оған 60 талапкер қабылдау және олардың тамағы, киімі, кітап т.б. керек-жарағын мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы шешім шығарылды. Инсти-тутқа Гоголь көшесіндегі 119 үйді оқу ғимараты, Лесная көшесіндегі 86 үй жатақхана ретінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Алматы құрылыс тресіне оқу орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне 300 адамды жиһаз, төсек-орынмен жабдықтау тапсырылды.

Институт ашылуын Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдап, ақжолтай тілектерін білдірді.

Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді. Институттың директоры болып Қ.Оспанов тағайындалды.

Ал 1945 жылдың 11 қыркүйегінде институттың алғашқы ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды. Соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпашылығына қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы ректор-дың ерен еңбегін ерекше атаған жөн.

Білім алуға келген қыздарға М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ғ.Құрманғалиев, Т.Тәжібаев, К.П.Персидский, А.Жұбанов, Ш.Батталова, О.А.Жәутіков, Н.Сауранбаев, Ә.С.Тұрсынбаев, В.А.Есенғалиева, Х.Х.Махмутов, С.Т.Толыбеков, Х.Жұманов, К.Қармысов, К.Айманов, М.Балақаев, Е.Косюхин, Ө.Байділдаев, К.Барманқұлов, И.Маманов, А.А.Федулова, Д.Т.Тұрсынов, З.Ахметов сынды көптеген көрнекті ғалымдар дәріс берді.

Жылдар өткен сайын институтта оқытушылар құрамы ғылыми атақтары бар ұла-ғатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкін-діктері арта түсті, осылайша білім ордасының бұғанасы бекіп, ауқымы кеңейе бастады.

Соғыс біткен соң республикада оқу орындары, мәдени орталықтар, кітапханалар санының өсуіне байланысты жоғары білімді мамандар керек болды да, институтта педагогикалық мамандықтарға қоса кітапханатану, ән-музыка кафедралары ашылып, кейін олар жеке факультетке айналды.

Музыка факультетінің аяқтан тік тұруына белгілі композитор Б.Байқадамовтың ат-қарған еңбегі зор болды. Кафедра құрамында пианист-концертмейстер В.С.Пирогова, музыка теориясының мамандары Б.М.Жүсіпалиев, Ә.Әбдікәрімов, Қазақстан компози-торлар одағының мүшесі Ө.Бәйділдаев, Д.Б.Ботпаев, И.К.Кереев, А.Ф.Славопицкая, Ә.Бапи, З.А.Попова т.б. жұмыс істеді.

1968 жылы Е.Хасанғалиевтың ұйымдастыруымен құрылған "Айгүл" квартеті Марат Балтабаевтың басқаруымен вокальды-аспаптық ансамбль жетпісінші, сексенінші жылда-ры Бүкілодақтық жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық, Республикалық байқау-лардың жүлдегері атанды.

Оның құрамында – Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова, Д.Ерғалиева, М.Жүнісова, С.Ұзақбаева, А.Арықова, Қ.Омарова, Р.Әлисова, М.Ысқақова, З.Әлібековалар өнерімен қалың жұртшылыққа ертеден-ақ танымал болды.

Ең бастысы, қыздар институты осы жылдары 48 мыңнан аса педагог кадрлар дайын-дады. Олар еліміздің білім саласында еңбек етуде.

Институт түлектерінің арасында елімізге танымал тұлғалар жетерлік. Аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, ҰҒА академигі осы оқу орнын 16 жыл басқарған Күләш Құнантаева, "Даңқ белгісі" орденімен, "Қажырлы еңбегі үшін" медалінің иегері, институттың үшінші ректоры болған Ажар Ыбраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері- Халықты әлеуметтік қорғау министрі болған, Парламент Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, "Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымда-рының кандидаты А.Османова, белгілі қоғам қайраткерлері Ж.Әмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина, С.Ұзақбаева, З.Жәкішева, көрнекті ақындар Ә.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі әдебиет сыншысы Ә.Бөпежанова, әншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина, Т.Асар, Г.Өмірбаева, Ұ.Белғозиевалар – университет мақтаны-шы, халықтың алдында шоқтығы биік аяулы қыздары.

Институт ашыларда заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің "Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айна-лады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік" деген ақ тілегі қабыл болып, бүгінде бұл оқу орнының қоғамдағы мәртебесі биікке көтерілді.

Қыздар ғана білім алатын ЖОО-на Елбасының қамқорлығы өлшеусіз. Университет ректорын ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 2 рет, 2004 ж. 21 қыркүйегінде және 2008 ж. 16 маусымында қабылдап, университеттің 60 жылдығына да, 65 жылдығына да құттықтау хат жіберді. Осы мерзімде барлық оқу корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал күр-делі жөндеуден өтті. Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» салынды. Осының бәрінде Елбасының тікелей қолдауы болғанын айту керек. Университет мәртебесі берілуі де Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасынан соң 2008 жылы 11 қыркүйекте Үкімет қаулысы-мен рәсімделді.

Университеттің филология, педагогика-психология, тарих-экономика, жаратылыс-тану-география, шет тілдері, физика-математика, музыкалық білім факультеттерінде бү-гінде 8821 студент білім алуда. Оның ішінде 4 мыңға жуығы күндізгі бөлімде, грантта 2737 студент оқиды.

Жылдан-жылға профессор-оқытушылар әлеуеті жоғарылауда. Қазір мұнда қызмет жасайтын 678 оқытушылардың 55 ғылым докторы, 234 ғылым кандидаты, 88 магистрді қосқанда ғылыми дәрежесі 56 пайызды құрайды. 22 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын жеңіп алды.

Жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау үдерісі Д 14.61.09. Диссертациялық кеңесі арқылы жалғасуда.

Тек соңғы алты жылда 20 докторлық, 72 кандидаттық диссертация қорғалып, 14 ғылым докторы және 64 ғылым кандидаты сырттан келді. Осы мерзімде магистрату-радан 12 мамандық ашылып, қазірде 19 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық кадр дайындалуда. Сонымен қатар 12 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартын және басқа жоғары оқу орындарымен 6 мамандық бойынша оқу стандартын жасауы – біздің ғалымдардың ғылыми әлеуетінің үнемі артуының дәлелі. Соңғы бес жылда 17 ғылыми-теориялық халықаралық және республикалық конференциялар өтті.

Ғылыми зерттеу жұмысы 33 кафедра, әлеуметтік және гендерлік институты, іргелі ғылыми-зерттеу орталығы, 3 дербес зертханалар арқылы жүргізіледі.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық оқу орында-рының студенттеріне арналған "Педагогика тарихы" оқулығын, «Педагогика» термино-логиялық сөздігін, "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 томдық "Адам-зат ақыл-ойының қазынасы" және "Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясын" құрастырды.

Осы факторлар білім сапасының жақсаруына тікелей әсер етуде. Университет алғаш-қылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшіп, бакалавриат-магистратура нәтижелі жұмыс жасауда. Жуырда 3 мамандық бойынша докторантура (PҺD) ашылады.

Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі жасалынып, оқу үдерісіне енгізілді. Сол арқылы әр студенттің оқуға түскеннен бітіргенше оқу сапасын қадағалап отыруға болады. Егер ата-ананың интернетке шығатын мүмкіндігі болса әр кезде өз баласы туралы мәлімет алуына болады.

Білім беру сапасын жоғарылату мақсатында "Сапа менеджменті" жүйесі 2004 жыл-дан бері университетте ресми мақұлданып, халықаралық, отандық стандарт талаптарына сәйкес білім беру нәтижелері мен білім беру сапасын жоспарлау, басқару, бағалау рәсімдерін іске асыруға қатысты ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды. Білім сапасы менеджментін енгізудегі басты мақсат - педагогикалық білім беру саласындағы озық технологияларды басшылыққа ала отырып, университеттің тиімді қызмет етуін үнемі жетілдіру арқылы студенттердің білім сапасын жоғарылату мен білім берудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Атқарылған іргелі жұмыстар барысында 2008-2009 оқу жылының басында ЖШС "ІnterCert" Сертификаттау Орталығының университеттегі жоғары кәсіби мамандар даярлаудың деңгейіне жоспарлы аудит өткізіп, нәтижесінде бакалавриат және магист-ратура бағдарламасы бойынша жоғары мамандандырылған білім беру сапасының ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандартының базалық талаптарына сай екендігін растады. Бұны аталған сертификаттау ұйымының 2008 жылдың 4 желтоқсанында университетке берген №04185 (тіркеу нөмірі №01915) Сәйкестік сертификаты дәлелдейді.

Оқу үдерісін жетілдіру барысындағы үздіксіз жүргізілетін мақсатты жұмыстардың айқын нәтижесі – жыл сайын 2 курс студенттерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін мемлекетік аралық бақылауда (МАБ) жоғары көрсеткішке қол жеткізуі болып табылады. Мәселен, 2008-2009 оқу жылында МАБ нәти-жесі 92 пайызға өсіп, білім сапасының артып отырғанын аңғартты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық Акредиттеу Орталығының басшылығымен 2006 жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан рейтингте университетіміз педагогикалық оқу орындары ішінде абыройлы екінші орынға ие болып келеді.

Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында "Қазақ аруы" атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халық-аралық "Бөбек" балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да біздің университет қабырғасында бастау алған.

Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып есептеледі.

Біздің қыздар өте өнерлі, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Спорт-тағы жетістіктеріміз қуантады. Соңғы универсиададан қыздар 36 медаль әкеліп, 58 ЖОО ішінде алғашқы ондыққа кірді.

Алда зор міндеттер бар. Ол Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайды. 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық жоспар орындалуының алғы шарты білімді ұрпақ тәрбиелеу. Біз сол қастерлі мақсаттың биігінен көрінуге ұмтылып, қазақ қыздарының киелі білім ордасының беделін арттыруға қызмет етеміз.

Турсын Мырзабеккызы МырзабековаТұрсын Мырзабекқызы Мырзабекова,
1945 жылдың қыркүйек айынан 1959 жылдың маусым айы аралығындағы институт ректоры
Жамиля Токтарбеккызы ЕлемесоваЖәмиля Токтарбекқызы Елемесова,
1984 жылдың қыркүйек айынан 1989 жылдың қыркүйек айы аралығындағы институт ректоры
Ажар Хакимкызы ИбраеваАжар Хакімқызы Ибраева,
1959 жылдың маусым айынан 1962 жылдың cәyip айы аралығындағы институт ректоры
Сейлбек МухамеджарулыСейілбек Мұхамеджарұлы Исаев,
1989 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылдың маусым айы аралығындағы институт ректоры
Масура Гайсакызы СармурзинаМасура Ғайсақызы Сармурзина,
1962 жылдың сәуір айынан 1968 жылдың тамыз айы аралығындағы институт ректоры
Серик Жайлауулы ПралиевСерік Жайлауұлы Пралиев,
1999 жылдың маусым айынан 2003 жылдың маусым айы аралығындағы институт ректоры
Куляш Кунантайкызы КунантаеваКүләш Құнантайқызы Құнантаева,
1968 жылдың тамыз айынан 1984 жылдың тамыз айы аралығындағы институт ректоры
Курмангали ОспановҚұрманҒали Оспанов,
1944 жылдың қыркүйек - 1945 жылдың қыркүйек айы аралығындағы институт директоры
Беркімбаева-Шәмша-КөпбайқызыБеркімбаева Шамша Көпбайқызы,
2003 жылдың маусым айынан 2011 жыл аралығындағы институт ректоры