Университет жетістіктері

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жетістіктері

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі өткізгенҚР үздік ЖОО Ұлттық рейтинг – 2015нәтижесінде педагогикалық ЖОО арасындаI орынға иеленді.

Мамандар дайындау бағыттары және деңгейлері бойынша ҚР ЖОО арасындағы 2015 жылы жүргізілген Тәуелсіз рейтингтегі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жүлделі орындардың жалпы саны бойыншаТОР-40 тізіміне енген ЖОО,  24 позиция бойынша 7 орынға иеленді.

International School of Education — бұл қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерді іріктеу жүргізетін бірегей мектеп. Бұл мектеп студенттерге АҚШ, Ұлыбритания, Түркия сынды шет мемлекеттерде білім алуға үлкен мүмкіншіліктер жасайды. Нәтижесінде студент қазақстандық (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) және біздің серіктес-университет дипломдарын қатар алады.

 Академиялық ұтқырлық және Қосдипломдық білім беру

 Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша - 86 студент (ОҚМУ, ТарМУ, ПМУ), сыртқы – 48 студент және магистрант (LAMS, MVSU, Түркия/ Нигде).

Университетке оқуға келген білім алушылардың саны – 123 студент және магистрант (1 шетелдік магистрант/Түркия).

Кесте 1. Академиялық ұтқырлық

Оқу жылы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан университет студенттерінің саны

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университетке оқуға  келген студенттердің саны

Барлығы

 

ішкі академиялық ұтқырлық

сыртқы

(шетелдік жоо)

академиялық ұтқырлық

Студенттер

Магистранттар

Студенттер

Магистранттар

Студенттер

Магистранттар

2013-2014

18

11

28+1 шетел

58

18

-

8

3

28

1 шетел

2014-2015

7

17

8

32

7

-

16

1

8

-

Барлығы

25

28

37

90

25

-

24

4

36

1

                     

Қосдипломдық білім беру қазақстандық жоғары мектеп дамуының халықаралық білім беру кеңістігіне бірігудегі аса маңызды тәжірибелік жолы болып табылады. Бұл бағыт жоғары оқу орнының білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулер, университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекелесуге қабілетті болу тұрғысынан университеттің стратегиялық даму мүдделеріне және Болон үдерісінің қағидалары мен ережелеріне сәйкес келеді.

Қысқа мерзім ішінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Лондон Менеджмент және Ғылымдар Академиясы (LAMS, Ұлыбритания)  мен Миссисипи Мемлекеттік Университетімен (MVSU, Америка Құрама Штаттары) Қосдипломдық білім беру келісім шарттарын жасасты.

Қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқуды ойдағыдай аяқтаған білім алушылар қазақстандық және шетелдік диплом алады, 2 университет дипломдары (ҚазМемҚызПУ + LAMS немесе MVSU ).

2013-2014 оқу жылында «5В011900- Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының білім алушылары Бабатаева Қымбат және Бахрамова Асем Миссисипи мемлекеттік университетінде 2014 жылдың тамыз айында оқуларын сәтті аяқтап, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық және Миссисипи мемлекеттік университеттерінің дипломдарын алды.

2014-2015 оқу жылында 5В011900- Шетел тілі: екі шетел тілі, 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс, 6М010300-Педагогика және психология мамандықтарының 5 бакалавры және 1 магистранты Миссисипи мемлекеттік университеттерінің дипломдарын алды; ал 5В011100-Информатика мамандығының 3 бакалавры Лондон басқару және ғылымдар академиясының дипломына ие болды.

2014 жылы алғашқы рет Миссисипи Мемлекеттік Университетінің білім алушырына университетте  Халықаралық Жазғы мектебі  ұйымдастырылды. Америкалық білім алушылар Қазақстан тарихымен, географиясымен және қазақ тілінде ауызша сөйлеу негіздерімен танысты. Дәрістен тыс уаққытта  америкалық қонақтар Алматы қаласы мен облысының көрікті жерлерімен танысты.

Унивеситет мемлекеттік аттестациядан, институциалды, мамандандырылған және халықаралық аккредитациядан (ACQUIN) 5 жылға өтті.

Магистранттар жыл сайын жетекші шетелдік ЖОО-нан ғылыми тағылымдамадан өтеді: Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Германия, Англия, Сингапур, Франция;