Университет туралы

1945 жылдың қыркүйек айынан 1959 жылдың маусым айы аралығындағы институт ректоры

Турсын Мырзабеккызы МырзабековаТұрсын Мырзабекқызы Мырза­бекова (1914—1996) Алматы қаласында орта шаруаның отбасында дүниеге келді. Орта мектеп бітірген соң Қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі.

1933 жылы институтты бітірген соң ол Балқаш, Қарағанды және Алматы қалаларында қызметтер аткарды.

1938 жылдың қыркүйегімен 1945 жылдар аралығында Шымкент қаласында тарих пәнінің мұғалімі, облыстық халыққа білім беру бөлімінде, қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

1945 жылдың 13 қыркүйегінде Мырзабекова Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына директорлық қызметке тағайындалды. 14 жылдан астам уақыт ректор болып қызмет атқарған Т.Мырзабекова өзінің ұйымдастырушылық дарындылығымен, кеңпейілді адамгершілік қасиетімен дараланды. Шығыс қыздарының ақылдылығымен ұстамдылығын бойына сіңіре білгендіктен, институттың күрделі жұмыстарында кездесетін қиын істерді аса дарындылықпен шеше білді және соны әріптестерінен, студенттерден талап етіп, оқу мен тәлім - тәрбиенің қатал болуына үлкен көңіл бөлді.

Мырзабекова Тұрсын Мырзабекқызы - тарих ғылымының кандида­ты, доцент, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған, "Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі" деген атаққа ие болды.