Университет туралы

1984 жылдың қыркүйек айынан 1989 жылдың қыркүйек айы аралығындағы институт ректоры

Жамиля Токтарбеккызы ЕлемесоваЖәмилә Тоқтарбекқызы Елемесова 1939 жылдың 8 наурызындаТалдықорған облысы, Қаратал ауданы, Көксу ауылында туды.

1968 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.

1978 жылы педагогика ғылымының кандидатты қатарына алу үшін диссертация қорғап, доценттік лауазымға ие болды.

1978 - 1984 жылдары аралығында Алматы қаласындағы №1 мектепке дейінгі білім беру училищенің, №2 бастауыш класс педагогика маман кадрларын даярлайтын училищенің директоры болып қызмет атқарды. Осы кезеңдерде білікті маман ретінде оқу орындарына арналған көптеген оқу құралдарын, орта мектептерге арнап әдістемеліктер дайындады. Балабақша, бастауыш мектеп және арнайы оқу орындарына тиісті оқу -құралдарын, әдістемеліктер, педагогика жайында, мектепте үздіксіз педагогикалық тәжірибе жұмысын жүргізуге арналған дидактикалық материалдар әзірледі.

1984 - 1988 жылдары Ж.Т.Елемесова Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының рек­торы болып тағайындалды. Осы кезде институттың материалдық базасы нығайтылып, кітапхана, студенттерге жаңа технологиямен жабдықталған лекциялық аудиториялар, жатақхана, спорт комплекстерінің  құрылыс жұмыстары жүргізілді.