Университет туралы

1959 жылдың маусым айынан 1962 жылдың cәyip айы аралығындағы институт ректоры

Ажар Хакимкызы ИбраеваАжар Хакімқызы Ыбыраева (1928-1999) 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданында дүниеге келген. Шымкент облысы, Сарыағаш селосында орта мектепті бітірген соң, 1949 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, тарих факультетін үздік аяқтады. Сол жылы коммунистік партия мүшелігіне өтеді. 1949 жылдан 1950 жылға дейін осы институттың марксизм - ленинизм кафедрасында ұстаздық етті.

1959 жылы өзі оқыған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына ректор болып кызметке тағайындалды.

1962 - 1967 жылдары Шет тілдер институтында ректор болып қызмет icтедi. 1967 - 1975 жылдары ҚазССР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінде жоғары оқу орындарын басқару бөлімінде коллегия мүшесі болды.

30 - дан аса ғылыми енбектері және ғылыми - методикалық жұмыстары жарияланды. Ажар Хакімқызы Ыбыраева "Данқ белгісі орденімен, "Қажырлы еңбегі үшін" медалімен, ҚазССР Жоғары Советінің мақтау қағазымен, Бүкіл одактық Ленин комсомолы Жастар Одағы сыйлығымен марапатталды.

Ажар Хакімқызы екі рет ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаттығына сайланды.