Университет туралы

1989 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылдың маусым айы аралығындағы институт ректоры

Сейлбек МухамеджарулыСейілбек Мұхамеджарұлы Исаев (1935 - 1999) Омбы облысы, Называй ауданы Күреңайғыр ауылында дүниеге келді.

1957 жылы педучилищені бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі.

1962 жылы университетті үздік бітіріп, Қазақ ССР Ғылым академиясы Tіл білімі  институтына Kіші ғылыми қызметкер болып орналасты.

1966 жылы "1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілі" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1968 жылдың басынан педагогтік жұмысқа ауысады.

1989 жылдың қыркүйек айында профессор С.М.Исаев Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент - мүшесі, Жаратылыстану ғылым академиясының академигі, 1996 жылы Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі болып сайланды. КРFAА. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанындағы түркі тілдері, қазақ тілі мамандыктары бойынша докторлық диссертация қорғайтын кеңестін мүшесі.

200-ге тарта ғылыми, ғылыми әдістемелік, көпшілікке арналған еңбектердің авторы.

1981 жылы "Үздік еңбегі үшін", "Еңбек ардагері", 1992 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медальдармен марапатталды.