Университет туралы

1962 жылдың сәуір айынан 1968 жылдың тамыз айы аралығындағы институт ректоры

Масура Гайсакызы СармурзинаМасура Ғайсақызы Сармурзина 1924 жылы Семей облысы, Абай ауданында дуниеге келді. Орта мектепті бітірген соң  С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих - филология факультетін бітіріп, аспирантураға қалдырылады.

1951 жылы филология ғылымының кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғайды және доцент атағын алады.

1962 - 1968 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды.

Педагогикалық қызметімен қоса Қазақстанның көрнекті жазушыларының творчествосы туралы ғылыми еңбектері жарияланды. Жоғары оқу орындары оқытушылары мен студенттеріне оқу - әдістемелік көмекші құралдарын орта мектеп пен училищеге арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын жазды. 60 - тан аса ғылыми еңбектердің авторы. Педагогика саласына жоғары дережелі ғылыми кадрлар даярлау ісінде 10 - нан аса филология ғылымының кандидаты атағын алуға қорғалған диссертацияларға ғылыми жетекшілік жасады.

Қазақстан Республикасы білім саласында көп жыл енбек еткені ушін Кенестер Одағының медальдарымен, ҚазССР Жоғарғы Советі  грамоталарымен, бүкілодақтық және республикалық қоғамдық ұйымдардың грамоталарымен марапатталды.