Университет туралы

1999 жылдың маусым айынан 2003 жылдың маусым айы аралығындағы институт ректоры

Серик Жайлауулы ПралиевСерік Жайлауұлы Пірәлиев 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақбиік елді мекенінде дүниеге келді.

1971 - 1976 жылдары Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітіріп, 1976 - 1985 жылдар аралығында ҚазССР Ұлттық ғылым академиясының Химия инстнтутында аға лаборант, аға ғылыми қызметкер болып icтедi. 1980 жылы диссертация қорғап, химия ғылымдарының кандидаты атағын алды. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетін танытып, 1985 жылдан бастап Қазақстан Білім және ғылым министрлігінде түрлі деңгейде қызметтер атқарды. 1994 жылы аталған министрліктің халықаралық байланыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

1996 жылы ҚР-ның ТМД елдері арасындағы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болып қызметін жалғастырды. 1997 жылы eлдегi жүргізілген ведомство аралық реформада Білім, ғылым және мәдениет министрліктері біріккен кезде С.Пірәлиев осы жаңа министрліктің департамент бастығы қызметіне тағайындалды.

1999 жылдың маусым айында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына ректорлық қызметке тағайындалды.

50-ден астам ғылыми еңбегі бар Cepiк Жайлауұлы Халықаралық инженерлік академияның корреспондент - мүшесі, профессор.