Университет туралы

1968 жылдың тамыз айынан 1984 жылдың тамыз айы аралығындағы институт ректоры

Куляш Кунантайкызы КунантаеваКүләш Құнантайқызы 1931 жылғы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келді. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.

1954 - 1956 жылдары Қазақстан комсомолы Орталық комитеті мектеп бөлімнің меңгерушісі болып қызмет етеді.

1956 - 1959 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің хатшысы болды.

1964 - 1967 жылдары ҚазССР Жоғары және орта арнайы білім министрінің орынбасары.

1968 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры, кафедра меңгерушісі болды.

1986 - 1992 жылдары Ташкенттегі Низами атындағы педагогика инс­титутының докторлық диссертация қорғау кеңесінің мүшесі. Ғалымның жетекшілігімен көптеген жастар Қазақ мемлекеттікқыздар педагогикалық институтының ғылыми кеңестерінде докторлық, кандидаттық, диссертациялар қорғады.

Күләш Құнантаева - Қазахстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Ресей Білім академиясының шетелдік мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор. "Халықтар достығы", "Құрмет белгісі' ордендерімен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, "Еңбектегі ерлігі үшін", т.б. көптеген медальдармен марапатталды.