Университет туралы

1944 жылдың қыркүйек - 1945 жылдың қыркүйек айы аралығындағы институт директоры

Курмангали ОспановҚұрманғали Оспанов (1907 - 1968) Актебе облысы, Новороссия ауданында туған. 1925 - 1928 жылдары Мәскеу қаласындағы М.И.Калинин атындағы рабфак курсында, 1928 - 1931 жылдары Мәскеуде Плеханов атындагы халық шаруашылығы институтында оқиды.

1944 жылдан бастап Республика Үкіметінің Шешімімен Алматы қаласында ашылған қыздар педагогикалық институты мен педагогика училищесінің алғашқы директоры болды.

Бip жыл ішінде студенттерді қабылдауда мұғалімдер ұжымын құрып, ұйымдастырудың арқасында 1945 жылы қыркүйекте қыздар педагогикалық институты өз алдына жеке институт болып ашылды.

Қ.Оспанов Қазақстан коммунистерінің V—XII съездеріне қатысып, ҚазССР Жоғарғы Советіне екі мәрте депутаттыкқа сайланды.

Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен, ҚазССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.