Университет туралы

Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы.
Беркімбаева-Шәмша-Көпбайқызы(2003 жылдың маусым айынан 2011 жыл аралығындағы институт ректоры).
Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы 1942 жылдың 10-қазанында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Киров мекен-жайында дуниеге келді. 1966 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін, 1981 жылы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің қоғамдық ғылым академиясын бітірді.
1970-1991 жылдары КПСС мушесі. 1966 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірсімен, Алматы облысы, Тұрар Рысқұлов ауылының Киров атындағы сегіз жылдық, мектебінде орыс тіл мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.
1968-1970 жылдары аралығында Алматы кооператив техникумының комсомол комитетіңін хатшысы, 1970-1971 жылдары Алматы облыстық ЛКЖО комитетінде бөлім бастығы, 1971-1973 жылдары Қаскелен аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1973-1977 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бірнші хатшысы болды. 1977 жылы сентябрь айында Алматы қалалық, Совет аудандық Коммунистік партиясының бірнші хатшысы, 1982 жылдың октябрь айында Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы болды.
1987-1989 жылдары Алматы қаласының № 12 орта мектебінің директоры болып тағайындалды.
1989-1997 жылдары ҚР Білім министрлігінің орынбасары, 1997-1998 жылдары Қыргыз Республикасындағы Қазақстан Республикасыньң елшілігінің бірінші хатшысы болды.
1998-1999 жылдары Алматы облыстық Оқу бөлімінің бастығы, 1999-2000 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты.
2002-2003 жылдары ҚР Ғылым және білім министрі болып тағайындалды.
2003 жылдың маусым айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры.
Шәмша Көпбайқызы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 10 шақырылуының депутаты, 1999 жылы ҚР Парламентінің, екнші шақырылуының депутаты, "Отан" (Отчизна) партиясының мушесі, ҚР Парламент сенатына депутат болып тағайындалды.
"Құрмет белгісі" (1981), Еңбек Кызыл Ту (1976), "Құрмет" (2001) ордендерімен, "За доблестный труд" (1970), "За трудовое отличие" (1972) медальдарымен, ҚР Жоғарғы Советінің грамотасымен (1971), Қаз. ССР Жоғарғы Советі президиумының құрмет грамотасымен (1975) марапатталған. "Ізгілікті іздеп жүрмін" (2001 жыл) кітабының авторы.
2010 жылы 7 желтоқсанда Парасат орденімен марапатталды.