17 қыркүйек «Түлектер күні» өтеді

Құрметті Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің түлектері және педагогикалық ұжым!

Сіздерді 17 қыркүйек – Қазақмемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған«Парасат мектебі түлектерінің жұлдызды күні» тақырыбындағы «Түлектер күні» мерекелік іс-шарасына шақырамыз.

Атаулы күні Сіздерді факультеттер мен кафедраларда кездесу, салтанатты жиналыс, мерекелік гала-концерт және фуршет күтеді.

Өтетін орны, мерзімі: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Гоголь көшесі 114 (Сейфуллин көшесінің қиылысы), Акт залы, 17.09.2014 ж., сағат 14.00.

Іс-шараға қатысуға тілек білдірушілер, төмендегідей сілтеме бойынша тіркелулеріңізді сұраймыз: Тіркелу

Байланыс телефоны: +7(727) 233 19 50