Қыздар университеті баспасы

image001

«Қыздар университеті» баспасы

«Қыздар университеті» баспасы  1997 жылы шағын баспахана  болып ашылған. Университет ректоры Д.Ж. Нөкетаеваның 2013 жылғы 19 қаңтардағы №13 бұйрығымен  «Қыздар университеті» баспасында  редакциялық бөлім ашылды. «Қыздар университеті» баспасы жиырма жылдың көлемінде  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті оқытушы-профессорлар құрамының оқулықтары мен оқу құралдарын, ғылыми еңбектерін,  жоғарғы оқу орындары студенттері мен магистранттарына, кәсіби сала мамандарына арналған салалық әдебиеттер шығарып, университеттің ғылыми-теориялық және әдістемелік базалық қорын дамытуға атсалысып келеді.

Баспадан оқулықтар мен оқу құралдары, журнал-жинақтар ғана емес, алғыс хаттар, дипломдар, куверткалар мен шақыру билеттері, флаер, куәлік, визиткалар, сертификаттар да шығады.

«Қыздар университеті» баспасынан шыққан өнімдер: