"Қыздар университеті" медиа орталығы

«Қыздар университеті» медиа орталығы Университетің құрылымдық бөлімі болып табылады. Университетінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс, ақпараттық саясат саласындағы сыртқы және ішкі жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу орнының қоғаммен байланыс саласындағы имидждік саясатын жүзеге асыруға бағытталған перспективалы және ағымдағы бағдарламаларын құру және БАҚ саласындағы түрлі жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді

«Қыздар университеті» медиа орталығы өз қызметінде осы ережені және Университеттің құрылымдар туралы ережелері мен нұсқауларын, Университеттің алдағы жылдарға жоспарланған даму стратегиясын, Стратегияны жүзеге асырудағы негізгі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің Жарғыларын басшылыққа алады.

1. БАҚ арқылы қоғамда ҚазМемҚызПУ туралы жағымды имидж қалыптастыру. Сондай-ақ, қызметкерлер мен студенттерді университеттің жеткен жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу, бойларына байыппен сіңіру. Ғылым мен білім саласында өз үлестерін қосуға үгіттеу. Студенттер арасында университетінің өз патриоттарын тәрбиелеп шығаруға атсалысу;

2. БАҚ-та жарияланған сұхбат, ақпар, баспасөз конференциясы арқылы университет басшылығының, факультет декандары мен бөлім басшыларының беделін қалыптастыру. ҚазМемҚызПУ-дың корпоративті мәдениетін қалыптастыруға қатысу;

3. Университет порталының контентін жүйелі жаңарту, атқарылған іс-шаралар туралы ақпараттармен толықтыру;

4. Университетте өтетін мәжіліс, конференция, семинар, ресми кездесулерге шақырылған тілшілердің қатысуына мүмкіндік жасау, олардың техникалық құралдарын (видео, аудио) орналастыруын қамтамасыз ету және сүйемелдеу, жазылған ақпаратты электронды тасуыштарға тасымалдау;

«Қыздар университеті» медиа орталығы қызметі бекітілген стратегиялық бағдарламаларға және жыл сайынғы жоспарларға сай жүзеге асырылады.
Ұйымдастырушылық құрылым. «Қыздар университеті» медиа орталығын құру туралы ректордың 2013 жылдың 19 қаңтарындағы №13 бұйрығына сәйкес құрылды.
«Қыздар университеті» Медиа орталығы – университеттің ақпараттық-коммуникациялық құндылықтарын біріктіреді. Қоғаммен байланыс қызметін үйлестіріп, БАҚ саласындағы түрлі жобаларды жүзеге асырады.Медиа орталық төмендегідей бөлімдерден құралған:

  • Қоғаммен байланыс бөлімі ;
  • Ақпараттық саясат бөлімі;
  • Телерадиостудиясы;
  • «Қыздар университеті» газеті редакциясы;
  • «Қыздар университеті» баспасы;
  • Студенттік медиа клубы.

Орталық жұмысы еліміздің ағарту жүйесінің дамуы туралы кеңейтілген ақпараттармен қоғамды қамтамасыз ету және университеттің ғылыми-зерттеу, инновациялық жетістіктерін насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, медиа орталық жоғары сапалы әрі бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлаудағы студенттердің оқу-тәжірибелік базасы болып табылады.