«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем ет!»

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 27 қараша күні «Қыз Жібек» клубының белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Ақ Үміттің» балғын балғындарын қуаныш сыйлап қайтты.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырылымдылық – халқымыздың ең ізгі асыл қасиеттерінің бірі. Қамқорлық қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрін ұстанған «Қыз Жібек» клубының белсенді қыздары Ақ Үміттің балғын балдырғандары қызықты концерт қойып, оларға балаша ойын көрсетіп, керемет көңіл-күй сыйлады. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.

Әрбір бала олар бақытты болуға лайықты. Олардың күлкісін есту – бүкіл дүниедегі ең таза, ең пәк күлкі. Сондықтан бүгінгі қыз – ертеңі болашақ ана болғандықтан, тәрбиені осы қызбала кезде бойға сіңірген дұрыс. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!

Марина Мұхтарқызы,
Педагогика-психология факультетінің 2 курс студентті