Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 262

Жастар шыршасы өтті

23 желтоқсан күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жылдағы дәстүріне айналған, Алматы қаласының белсенді жастарының сағына күтетін «Қыздар университеті шақырады!» атты Жаңа жылдық ән-думан кеші өтті.

Салтанатты кешке Алматы қаласы ЖОО-дың жастар ұйымдары мен мекемелерінің жетекшілері, Қыздар университетінің белсенді студенттері қатысты. Жастардың көңілін көтеріп, жақсы тілектер айтуға алдымен Аяз Ата мен Ақша қар келді. Кеш жүргізушілері, кетіп бара жатқан Мешін жылында қол жеткізген Қыздар университетінің жетістіктеріне тоқталып өтті. 2016 жыл Қыздар университеті үшін тағы да бір жемісті де жеңісті жылдардың бірі болды. Мәселен, университет ректоры Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева ҚР Президентінің Жарлығымен республикамыздың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқаны үшін «Парасат» орденімен марапатталды. Ұстаздардың ұстаханасы - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2016 жылы QS Stars University Ratings халықаралық рейтингісі бойынша «3 жұлдыз» иеленген тұңғыш педагогикалық жоғарғу оқу орны атанды. Рио до Жанейрода өткен әлемдік додада ауыр атлетикадан 63 келіде қыздар арасында ел намысын қорғаған университетіміздің студенті Карина Горичева Қазақстан қоржынына төртінші қола медальды сыйлап, Қазақ елінің мерейін артып, үлкен қуаныш сыйлады. Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының бастамасымен 2016 жылдың қазан-қараша айларында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы және Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған Алматы қаласының ЖОО арасындағы «ALMATY youth AWARDS – 2016» байқауында Қыздар унвиерситеті жеңімпаз атанып, «Ең үздік жастар ұйымдары комитеті» номинациясына ие болды! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бір ел – бір Елбасы» атты онлайн флешмоб байқауына қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жоғары студенттер кеңесінің төрайымы Мырзахмет Динара «Жасыл ел» еңбек жасағының Алматы қалалық филиалы бойынша Үздік командир атанды. Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті Гүлім Садырбек Атырау қаласында өткен республикалық Ж.Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының Бас жүлдегері атанды. Өнер және мәдениет факультеті, Кітапханатану және библиография кафедрасының 4-курс студенті Бектемір Ақнұр Әбибуллақызы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры стипендиясының иегері атанды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті Ұлмекен Лесбекова жақында Астана қаласының төрінде өткен «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің дипломанты атанып келді. «Almaty youth awards» жобасы аясында «Шыңдалып шыңға шығамыз» атты волейбол ойынынан қалалық турнирінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің волейбол командасы жүлделі 1 орынды иеленді. Семей қаласында 1-2 қазан күндері аралығында Дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында университетіміздің студенті, дзюдо және самбо күресінен ҚР спорт шебері Өтебек Аққал жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Тек қана қыздар» жайдарман тобының қыздары оқу ордасының атын шығарып келе жатқаны белгілі. Үстіміздегі жылдың көктемінде Астана қаласында өткен Жоғары лиганың ширек финалдық сайыстарын университет мақтаныштары ең жоғары балдармен, 1 орын иеленіп, жартылай финалдық сайысқа жолдама алды. Ал, филолог қыздарымыз жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Үздік лингвист-2016» байқауына қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды.

Жаңажылдық кешті ашқан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сабырова Зауреш Қуандыққызы барша қонақтарды мен студенттерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, тілектерін жолдады: «Қымбатты студенттер, Алматы қаласының белсенді жастары! Биылғы Жаңа жылды біз жақсы жетістіктермен бастайын деп отырмыз. Елбасы айтқандай, жастар елдің болашағы. Біз сіздерге үміт артып отырмыз. 2017 жыл баршамызға бақыт пен шаттық, табыс пен тағы да көп жетістіктер әкелсін, биыл бітіретін түлектерге бақыт тілейміз. Жаңа 2017 жыл құтты болсын!».

Кеш барысында 2016 жылдың қорытындысы ретінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттерін үздіктер қатарынан көрінуге баулыған және университет ұжымының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға атсалысып, жастар саясатын үйлестіруде үлес қосқан белсенді студенттеріміз Университет Ректоры Динар Жүсіпәліқызының атынан марапат алды. Атап айтқанда, «ҮЗДІК ПІКІРСАЙЫСШЫ - 2016» номинациясымен АЛМАБЕК ІҢКӘР (Физика-математика факультеті), «ҮЗДІК ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - 2016» номинациясымен БАЛҒОЖА АЙНА (Әлеуметтік-гуманитарлық факультет), «ҮЗДІК БЕЛСЕНДІ – 2016» номинациясымен АМАНТАЕВА АЗИЗА (Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті), «ҮЗДІК ҰЙЫМ ТӨРАЙЫМЫ – 2016» номинациясымен МЫРЗАХМЕТ ДИНАРА (Физика-математика факультеті), «ҮЗДІК СТУДЕНТТІК КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ – 2016» номинациясымен – Сыдық Таңшолпан марапатталды. Студентер үйінің студенттік кеңес төрайымы, «ҮЗДІК ЖАСТАР ҰЙЫМЫ – 2016 » номинациясымен «ҚЫЗ ЖІБЕК» КЛУБЫ, «ҮЗДІК ҰЙЫМ ПРЕЗИДЕНТІ – 2016» номинациясымен ӘЗІМХАН АРДАҚ – Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, «КРЕАТИВ – 2016» номинациясымен БОРАНБАЙ НАЗЕРКЕ – Өнер және мәдениет факультеті, «ҮЗДІК ҚАЛАМГЕР – 2016» номинациясымен ИБРАЙМОВА АЙДАНА – Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, «ҮЗДІК ЖҮРГІЗУШІ-2016» номинациясымен СЕРИКОВА ЖАНЕРКЕ – Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, «ҮЗДІК ӘНШІ-2016» номинациясымен АҚМУРЗАЕВА ЛЯЗЗАТ – Педагогика және психология факультеті, «ҮЗДІК ХОРЕОГРАФ-2016» номинациясымен ҚАРАТАЙ ЖАНАЙЫМ – Өнер және мәдениет факультеті, «ҚЫЗПУ АРУЫ-2016» номинациясымен СҮЙІНДІКОВА АЛТЫНАЙ – Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, «ҮЗДІК ЖАЙДАРМАНШЫ-2016» номинациясымен ШАРМАХАНОВА ЖАЗИРА– Өнер және мәдениет факультеті, «ЖЫЛ СТУДЕНТІ-2016» номинациясымен ОРАХОВА МЕЙІРІМГҮЛ – Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті марапатталды.

«Құрметті қыздар педагогикалық университетінің ұжымы, біріншіден сіздерді тәуелсіздік мейрамымен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңыздың алға басуын тілеймін! Қай іс-шараны өткізсек те, қандай деңгейде болмасын университет ұжымы əрқашан қолдап жүреді. Жас Отан жастар қанатының ұжымы университетті келе жатқан жаңа жылмен құттықтай отырып, университет ұжымына сәттілік, жұмыстарыңызды жемісін көруін тілейді. Қазағымыздың қара көз қыздарын кереметтей тәрбиелеп отырған қыздар педагогикалық университетіне тек сәттілік тілейміз» , деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты ұжымының мүшесі Даурен Оразалин.

Құттықтау тілектерін сонымен Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының басшылары, «Жасыл Ел» еңбек жасағының Алматы қалалық филиалының өкілдері, «Қазақстан Студенттер Альянсы» Алматы қалалық филиалының төрағалары, «Болашақ» жастар қозғалысы, «Сұңқар» кәсіподақ ұйымының ұжымы, Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Жастар ісі жөніндегі комитет ұжымы жолдады.

Кеште оқу орынның жас мамандары мен студенттерге Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Е.С.Бейсенбаевтың Алғыс хаты табысталды. Наградталған жас мамандар қатарында «Қыздар университеті» медиа орталығының қызметкері Утеева Арай Жұмашқызы да бар. Сонымен қатар Ахтаева Маржан Бақытқызы, Әбдірақова Малика Өткірбекқызы, Меден Ырғынбек, Қамақ Ермек Еркінұлы, Ердебекова Айша, Есеналиева Шапағат, Еркебаева Амина Бақытжанқызы, Болат Ардақ Бауыржанқызы, Қайдаулова Нұргүл Қайруллақызы секілді ЖОО-ның белсенді қызметкерлері тізімді толықтырып отыр. Аталмыш марапатпен сондай-ақ, Тұрлығазиева Назерке, Алмабек Іңкәр, Бесимбаева Әсел, Яхудаева Қазына, Мамытова Айжан, Жақсылықова Камила, Әзімхан Ардақ және т.б. белсенді студенттер марапатталды.

Шара соңында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік жатақхана», «Ең үздік бөлме» байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Салтанатты шара барысында жүрекке жылылық ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі жаңажылдық қойылымдар көрсетілді.

Жаңажылдық жастар шыршасы би кешімен аяқталды. Жастар көңілді күймен тарқасты.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы

8(727) 2 79 38 05