Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 262

Балаларға арналған жаңажылдық шырша өтті

Бүгін Қыздар университетінде «Кел, Жаңа жыл, ортаға!» атты балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі болып өтті.

Арулар ордасы бүлдіршіндерге арналған шырша тойын жылда өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл да театрландырылған, жаңа жылдық шыршаға 100-ден аса оқу орын қызметкерлерінің балалары қатысты.

Олардың құрметіне ертегі кейіпкерлерінің қатысумен театрландырылған мерекелік бағдарлама қойылып, ән мен би ойындары ұйымдастырылды. Театрландырылған қойылым балалардың көңілін көкке шалқытты. Кішкентай қонақтар Аяз ата мен Ақшақармен бірге шыршаны айнала ән айтып, би билеп, қызықты ойындар ойнады. Ойындарға белсенді қатысып, Аяз-ата мен Ақшақарға тақпақ пен өлең айтқан балалар ерекше сыйлықтарға ие болды. Сәні мен салтанаты жарасқан жаңажылдық шырша балаларға мерекелік көңіл-күй мен ұлан-асыр думан сыйлады.

Мереке соңында университет атынан дайындалған арнайы сыйлықтар табысталды.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы

8 (727) 2 79 38 05