Прага қаласында Эразмус+ жобасы бойынша екінші координациялық кездесу

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары 2016 жылдың аяғына таман Чех Республикасы Кошице қаласындағы Павел Шафарик университеті (Словакия) және Прага қаласындағы Карлов Университетінде Эразмус+ бағдарламасы ModeHed жобасының 2-ші координациялық отырысына қатысып қайтты. Бұл шараға Қазақстанның, Өзбекстанның, Германияның ғалымдары мен педагогтары да қатысты. Кездесу барысында олар жобаның қазіргі жағдайы мен оның дамуын, қаржылық жағдайын, өзекті мәселесін талқылап, өз баяндамаларын жасады.

Қыздар университетінен Ғылым және халықаралық байланыс басқармасының басшысы Г. Байташева, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Т. Байназарова, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті, б.ғ.к. И. Исламкулова қатысты.

Кездесу барысында «Социальная и поведенческая медицина» (Dr.Iveta Rajničová), «Общественное здоровье и гигиена» (профессор Květoslava Rimárová), «Первая помощь в лечебно-профилактических дисциплин» (Профессор Йозеф Firment), «Неонатологии в URJS» (MUDr PhD Питер Krcho) сынды әріптестеріміздің өзекті баяндамалары ұсынылды. Сонымен қатар «Е-книги и электронные источники информации на Первом медицинском университете» (David Хорват), «Интерактивные игры с моделью циркуляции» (Иржи Kofranek), «Как выполнить и интерпретируют анализ предмет дидактических тестов» (Честмир Stuka, Мартин Vejrazka) тақырыптарына шебер-сынаптар өткізілді. Павел Йозеф Шафарик университетінің медицина лабораториялары аралауға мүмкіндік туды.

Алдын-ала бекітілген бағдарлама бойынша өзге ел университеттеріндегі әріптестер мен Қыздар университетінің оқытушылары қазіргі дидактикалық материалдармен медициналық тәртіпті жаңашаландыруды, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес, медициналық және медициналық емес салаларда оқыту үшін медициналық-биологиялық бірлік субъектілерінің оқытуда сандық материалдар мен технологияларды қолдану модификациясын арттыруды талқылады.

Шуақты қалада барлық қатысушыларды жылы қарсы алды. Бұл Орталық Европаның және Богемия қаласының санғасырлық тарихы бар үлкен қалаларының бірі.

Ғылым және халықаралық қатынастар бөлімі