Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 268

Елбасы Үндеуін конституциялық тұрғыда қарастырды

Бүгін, яғни 30 қаңтар күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымында университет ректоры Д. Нөкетаеваның қатысуымен күні кеше жолданған Президент үндеуін талқылады. Нақтырақ айтсақ, мемлекетіміздегі бұл айтулы саяси реформаның заңды-конституциялық бөліміне ғылыми-педагогикалық қызметкерлер өз ұсыныстарын айту үшін пікірлерімен бөлісті.

Университет ректоры Д. Жүсіпәліқызы: «Дәл қазіргі уақытта жаһандану жүйесі әлем мемлекеттері алдына түрлі сынақтарды кесе көлденең қойып отыр. Осы орайда, Қазақстан да дүниежүзілік өзгерістен қалмай, оған сәйкес ілесу қажет. Оған бірден-бір жауап Елбасы айтқан еліміздегі ірі реформалық қадамдар екені даусыз. Өйткені, Президент айтқандай, «заманның дидары өзгерді, біз де өзгеруіміз керекпіз», – деп мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ, университет басшысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси өзгерістер арқылы экономикалық құндылықтарды дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеу керектігін, Қазақстан халқына билік тармақтарын бөлу жөніндегі орынды ұсыныстарды түсіндіріп өтті.

Ал, заңгер С. Айнақұлов биліктің тармақтары ара­сында өкі­леттіктерді қайта бөлу – Қазақстанның саяси-құқықтық ой пікірі тарихында өз ойын кеңінен жеткізді: «Бүгінгі талқылауға түсіп отырған мәселеміз өміріміздегі ең басты мәселердің бірі десем қателеспейтін шығармын. Себебі билікті бөлу теориясы ежелден-ақ қоғамда қызыл талқыға түсіп келеді. Мемлекеттік билікті жекелеген тармақтарға бөлу туралы негізгі пікірлер бұдан көп ғасыр бұрын пайда болған еді. Мемлекеттік биліктің бөлінуі туралы шешім əрмен қарай алғаш дамытқандардың бірі Аристотель болды. Оның пікірінше, кез келген мемлекеттің үш бөлігі туралы сөз қозғалуы тиіс еді. Кейін осы ой билікті бөлудің теориялық жəне практикалық негізіне айналды», – деп сонау ғасырлардағы билік жүйесінің буынымен салыстыра отырып, ой-пікірін ортаға салды.

Жалпы, осы Үндеуге үн қосып, өз талап-тілегін, ұсыныс-пікірлерін ұсыну үшін арнайы ҚР Президентінің «Ақорда» ресми сайтында арнайы ұсыныстарға парақша ашылған әрі оған әр Қазақстан азаматы өзінің азаматтық ой-пікірін қалдыруға болады. Сонымен қатар, оқу ордасының Л. Әділбекова, Ш. Заманбеков, Г. Нұржанова, Т. Әбіш, Б. Жақашбаев сынды педагог-ғалымдарымыз Үндеу бойынша өз ойларын еркін айтты, саяси тұрғыда талдады. Ал, PhD докторант М. Ахтаева: «Мемлекеттік басқару тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесі бүгінгі күн талабына сай туындап отырғаны ақиқат. Ең бастысы, мемлекеттік басқару тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу еліміздің әрбір басқарушы тармағының жауапкершілігін бұрынғыдан да арттыра түседі», – деді. Өз кезегінде белсенді жастар өкілі М. Бақытқызы жастардың Үндеуді қолдайтындығын тілге тиек етті.

Жалпы, Елбасы Үндеуі бір ай уақыт бойы сарапқа салынып, толықтай талқыланып барып, жүзеге асатын болады. Оған еліміздің әр азаматы атсалысуы керек.

«Қыздар университеті»
медиа орталығы
8 (727) 2 79 38 05