Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Жолдауды талқылады

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылау және қолдау мақсатында кезектен тыс факультет мәжілісін өткізді. Мәжілісті Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы, т.ғ.к., доценті Ж.Б.Аширбекова ашып, Елбасының кезекті Жолдауын факультетімізде талқылауға арналатындығына тоқтала келіп, Жолдаудағы «Экономикалық жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы», «Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту», «Макроэкономикалық тұрақтылық», «Адами капитал сапасын жақсарту», «Институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты» сынды негізгі бес басымдыққа тоқталып өтті.

Сонымен қатар, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігіне тоқталды» деп тұжырымдады. Сондай-ақ әр кафедралардың ПО-құрамы да өз пікірлерін білдірді. Қазақстан тарихы кафедрасының доценті т.ғ.к., Е.Т.Берлібаев өз сөзінде Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің дамуына тың қарқын беретін «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – деп аталатын жаңа бағдарлама ұсынып отыр. Жолдауда қазіргі Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы ұсынылған «Қазақстан - 2050» стратегиясының өзектілігі атап өтілген болатын. Білім беру ісіне қатысты адами капитал сапасын жақсарту қажеттілігіне баса назар аударды. Жолдауда айтылған басты бағыттар экономикамыздың өсуіне серпін беріп, Елбасының басшылығымен түпкі мақсатымызға жететінімізге толық сенім білдіремін!- деп, сөзін аяқтады.

«Экономика және бизнес кафедрасының профессоры, э.ғ.д., Р. Қамшыбаев, Кәсіптік білім кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Р.Дарменова, Тарих кафедрасының доценті, т.ғ.к., Р.Айтбай, Құқық және басқару негіздері кафедрасының доценті, т.ғ.к., Б.Аққасов Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласы бойынша келелі мәселелерін қозғап, жүктелген ауқымды әр түрлі міндеттеріне тоқталып жан-жақты талқылауға белсене ат салысты.

Мәжіліске жиналған қауым Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын биік белестерге жетелейтін басты бағдар деп бағалайтындығына тоқталды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің болашағы мен Қазақстанның үшінші жаңғырту моделі (үлгісі) халықты жігерлендіріп, кемел келешекке апаратын бастама егемендігінің баяндылығы мәселесі қозғалған бұл жолғы Жолдаудың тарихи маңыздылығы мен жүктелген салмағын сезініп, осыған сай әрекет ете отырып, алдымызға қойылған мақсат-міндеттерді орындаймыз деген оймен, жиынды аяқтады.

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті