«Студенттер Альянсы» Жолдауды талқылады

Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 25 қаңтар айында Үндеуін жариялап, сол жайтқа тұспа-тұс 31 қаңтар күні Жолдауын жариялады. Осы орайда 6 қаңтар айының жұлдызында «Қазақстан Студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жиын болып өтті. Бұл шараның ұйымдастырылуының мақсаты белсенді жастарды бір ортаға қосып, Үндеу мен Жолдауды талқыға салып, жастарға өз ойларын ашық түрде талқылап-сараптау екені сөзссіз. Бұл – дамудың өзіндік ерекше үлгісін қалыптастыра білген жастардың бір мақсат, бір мүддені арқалап, болашаққа бірге ұмтылмақ қазақ елінің ұлттық идеясы саналатын мәңгілік елді қалыптасарын жастар осындай жаһандық мәселелерді саналы түрде талқылап, оны сараптай алуы олардың ұлттық идеяны қалыптастырудағы қанат бітіргендіктері екені айқын. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты конференциясы аясында Жастар Саясатын дамыту бөлімінің басшысы Н.Кайдаулова: «Бұл – әрбір адамға арналған стратегиялық құжат. Сондықтан әр адам өзіне «Мен Жолдауды жүзеге асыру үшін не істедім?» деген сұрақ қоюы керек. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – барлық басымдықтардың заманауи білім беру деңгейімен анықталатынында, сондықтан сіз бен біз бұған тікелей қатысамыз. Президентіміз бізге үлкен сенім артты», – деді өз сөзінде. Сондай-ақ, саналы да салиқалы талқыға студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының төрайымдары мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жалынды жастары белсене атсалысып, өз ниет-пікірлерін ортаға салды. Олардың қатарында «Жас Отан» ЖҚ төрайымы Шербаева Бибінұр, «Студенттік Омбудсмен» ұйымының төрайымы Бесимбаева Асель және «Жастар ісі» жөніндегі комитетінің төрайымы Тұрлығазиева Назерке болды. Өз кезегінде жалынды жастар: «Үндеу жариялануы бұл алдағы реформаларды жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Біз Үндеуде алға қойылған мақсатпен сара жолда жылжуымыз керек, бұл өздеріңіз білетін бес институтционалдық реформаны қазіргі кезде жүзеге асыру кезеңі десек те қателеспейміз», – деді. Сонымен қатар, жастардың ойы «Біз, Қазақстанның келешегі саналатын жастары, болашақта Елбасының жастарға қойылған жоспарына белсенді атсалысамыз және заман талабына сай жалынды жастар тұрғанда келешекте мәңгілік ел құру ойымыз іске асады, біз оған бар күшімізді саламыз», – деп бір арнаға тоғысып жатты.

Елбасы Жолдауын университетіміздің жалынды жастары қызу талқылап жүр. Барлық профессор-оқытушыларымыз арасында отандық білім беру жүйесін жаңғыртуға қатысты нақты ұсыныстар айтып жатыр. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жиынның соңы қызықты пікір алмасумен аяқталды.

Айжан Мамытова, «Қазақстан Студенттер Альянсы»
ұйымының көшбасшы