«Парасатты НЛО» клубының мүшелері Жолдауға қолдау білдірді

Қыздар университеті «Парасатты НЛО Нағыз Лидерлер Одағы)» интеллектуалды пікірсайыс клубының мүшелері «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жастар саясатын басқару бөлімінің басшысы Н. Қайдауылова дөңгелек үстелде жолдаудың негізгі мақсатын клуб мүшелеріне айтып, ел болашағы үшін таптырмас шешім екендігін сонымен қатар, 25 қазан күні қабылданған елбасы үндеуіндегі өкілеттіліктерді бөлу туралы бір қатар сөз қозғап өтті. Жиын басы жолдау туралы арнайы бейне материалды көрумен басталып, клуб мүшелері атынан қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Жұманәлі Айна, педагогика-психология факультетінің 2 курс студенті Күзембек Адиляға сөз сөйледі. Қыздар жолдауды жан-жақты талқылап әр маман иесі ретінде рөлге кіру арқылы арнайы пікірлерін білдірді.

Бұл жолдауда Елбасы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты жаһандық бәсекеге қабілетті елді құру үшін бес басымдылықты ұсынады.

Дәл осы 5 басымдылықты негізге ала отыра Америкалық парламенттік форматта «БП Президент жолдауындағы үшінші басымдылықтың негізгі күшін көрсетеді» тақырыбында пікірсайыс ойындарын көрсетті. Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенттері Аубакирова Балжан мен Өтеген Жанардан тұрған команда, жаратылыстану факультетінің 1 курс студенті Булханова Дана мен педагогика-психология факультетінің 1 курс студенті Ешенқұл Алуаға қарсы тамаша ойын өрнегін көрсетті. Ойын барысында Қазақстанды дамытуда экономика мен адам капиталы арасында бәсеке болып, адам капиталы жеңіске жетті. Клуб мүшелері тақырып туралы форумнан өз ойларын білдіріп, төрешілер шешімі бойынша Үкімет тарапы «101» фракциясы жеңімпаз деп танылды.

Яғни, Қазақстан алдымен білім сапасын көтерсе экономика да, IT технологиялар да, сонымен қатар Қазақстан халқының әлеуеті де көтеріледі деген тұжырымға келді.

Кешті қорытындылай келе, «KAHOOT.IT» бағдарламасы бойынша қыздарға 25 сұрақтан тұратын арнайы тапсырмалар беріліп, ойын жеңімпазы жүзден жүйрік деп танылған, физика-математика факультетінің 3 курс студенті Менеш Салтанат болды. Сыйлық ретінде театрға арнайы билет табысталды.

Демократиялы ел болып қалыптасып келе жатқан жас мемлекет үшін, әр бастама үлкен ерлікпен пара пар. Еліміздің тұғыры биік, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болғай!

Назерке Жақыпбайқызы,
«Парасатты НЛО» пікір сайыс клубының белсенді мүшесі