Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 268

Ғылымға қызығушылығы зор студенттерге арналған семинар

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 14 ақпан күні Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Әлеуметтік гумантарлық факультетінің деканы Ж.Аширбекова атап өткендей, елімізде жастарға бизнес-жоба авторларына, стартап жобаларға мемлекеттік қолдау жасап жатқаны мәлім. Осыған орай факультетімізде, бұл ұйымдастырылып отырған ғылыми-семинардың экономикалық маңызы өте зор. 2016-2017 оқу жылында университетіміздің барлық мамандық студенттеріне таңдау ретінде енгізілген «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» пәнінің жүргізілуі, осы ғылыми семинарға негіз болып отыр. Соған орай, семинарға «Нархоз» университетінің э.ғ.к., доценті, қазіргі кезге дейін 50-ге жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген, соның ішінде «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру», «Кәсіпкерлік», «Шағын және орта бизнес экономикасы» атты оқу құралдары бар, студенттердің ғылыми жұмыстарына, Республикалық пәндік олимпиадаға, халықаралық ғылыми жобалар байқауына студенттерді дайындаған Елшібаев Рақымжан Қамытбекұлы шақырылды.

Семинар барысында студенттерді ғылыми жобалар даярлау ережелерімен тәртіптерін қарастыру кең қарастырылды. Еліміздегі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ғылыми-зерттеу мәдениетін меңгеру заманауи педагогтың кәсіби құзіреттілігінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесінің негізгі мақсаты – әрбір студенттің ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық шығармашылыққа қатысу, жеке тұлға ретінде шығармашылық дамуына өз құқығын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларды жасау мен дамыту.

Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және өнертапқыштық қызметке жастарды тарту формасын жетілдіру, студенттерді кәсіби шығармашылық дайындауды жетілдіру, шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру және дамытумен байланысты білім беру, ғылыми және инновациялық үрдістердің біртұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін ғылыми-зерттеу, жобалық және басқа да жұмыстарға студенттердің тікелей қатысуы оқу процесіне кіргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы; оқудан тыс орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы; ғылыми, ғылыми-техникалық, жаппай ұйымдастырушылық іс-шаралар, соның ішінде студенттік ғылыми конференциялар, семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар т.с.с. ұйымдастырушылық формалар мен іс-шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Осы тұрғыда аталмыш семинар ғылымға қызығушылығы зор студенттерге берер тәлімі мол болды.

Экономика және бизнес кафедрасы