Наурыз мерекесіне арналған жыр мүшайра өтті

12 сәуір күні Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен парсы тілін меңгеріп жатқан студенттер арасында «Наурыз» мерекесіне арналған жыр мүшайрасы болып өтті.

Шараға Иран Ислам Республикасы Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың директоры Сейд Жавад Кисари, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы, ф.ғ.д. А.О.Тымболова, Иранның Шахид Бехешти университетінің доктор Амир Ченари, шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Е.К. Нұрланбекова, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Г.О.Сейдалиева және университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кешті Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы Алтынай Тымболова ашып, алғы сөзінде Иранмен Қазақстан арасындағы байланыстың нығайып жатқанындығын атап өтіп, университетте парсы тілін оқып жатқан студенттерді қолдап, көмектесіп жатқан Иран Ислам Республикасының мәдени орталығының директоры Сейд Жавад Кисари мырзаға алғысын білдірді.

Одан кейін сөз алған Иран Ислам Республикасы Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың директоры Сейд Жавад Кисари Қазақ пен Иран елі арасындағы әдеби және мәдени қатынастардың тарихының тамыры тереңде жатқандығын, қазақ тілінде парсы тіліндегі кірме сөздердің көп кездесетіндігінін және «Наурыз» мерекесінің ұқсақ тарихын тілге тиек етіп, мерекенің тарихына қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар, барша қауымды Ұлық мереке – Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын жыр мүшайрасы университеттің парсы тілін меңгеріп жатқан студенттерінің Наурыз туралы парсы, қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, ұйғыр, ағылшын, француз, татар, корей, неміс және т.б. тілдерінде оқуындағы жыр шашуымен басталды.

Мүшайраға қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 310, 311, 210, 211, 113 ағылшын-парсы топтарының 30-дан аса студенттері қатысты. Олар парсы тілінде «Наурыз» туралы парсы шайырларынан үзінділер мен өлеңдер оқыды. Кеш соңында жыр додасында үздік шыққан қыздар анықталып, марапатталды.

1 орынды Әйгерім Тәжібаева, 2 орынды Айдана Жұмасыл, Гүлдана Сүлейменова, Палы Саниева мен Диана Құрбанбаева, 3 орынды Айша Ордабаева, Евгения Князева, Аяулым Дүйсебекова және Нұршаш Нұрахметова мен Элора Хакимжанова иеленіп, жыр мүшайраның жеңімпаздары аттанды. Иран Ислам Республикасы Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың директоры Сейд Жавад Кисари мырза жоғарыда аталған жеңімпаздардың әрқайсысына ақшалай сыйақы беріп, Мақтау қағазымен марапаттады және парсы тілінде сөздіктерді сыйға тартты.

Мәдени шара соңында шара қонағы, Шахид Бехешти университетінің докторы Амир Ченари Наурыз мерекесінің ерекшілігі және оның тарихы жайында баяндап, қатысушылардың өнеріне тәнті болғанын жеткізді.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы

8 (727) 2 79 38 05