Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 268

Жаратылыстану факультетінің студенттері топ жарып шықты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері сәуір айында Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ұлы дала елі жастарының мақсаты – дамыған Жаңа Қазақстан» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 20-шы студенттік ғылыми конференциясына қатысып қайтты.

Студенттік ғылыми конференциясының негізгі мән-мазмұны – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың интеллектуалдық әлеуеттерін қалыптастыру және cтуденттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықтарын ояту.

20-шы студенттік ғылыми конференцияға Қазақстанның 5 облысынан 3000 жуық студенттер қатысты. Атап айтар болсақ, Қыздар университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті сынды оқу орындары бақ сынасты. Конференция жұмысы 3 күнге жалғасып, 13 секция бойынша 3500 мақала жарық көрді.

Туризм мамандығының 3 курс студенттері «Туризм секциясы» бойынша жұмыстарын қорғап, Аманқұлқызы Тоғжан ІІ дәрежелі дипломмен, Шерімбетова Айдана ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар пленарлық мәжілісте баяндама жасаған Аманқұлқызы Тоғжан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Туризм мамандығының 3 курс студенттерінің ғылыми жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Сатыбалдиева Айжан Үсенқызы «Алматы облысы, Жамбыл ауданының туристік – рекреациялық мүмкіншіліктері мен дамыту жолдары» және «Қазақстанда шытырман оқиғалы туризм дамуының проблемалары мен перспективалары» тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстарын жасауға бағыт-бағдар беріп, жеңіспен оралуына үлкен үлесін қосты. Сонымен қатар, туризм мамандығының студенттері университеттің қоғамдық іс-шараларына белсене араласып, өз үлестерін қосып жүр.

Болашақта туризм мамандығының студенттеріне жоғары белестерді бағындыруға тілектеспін!

К.Мамирова, География және туризм
кафедрасының меңгерушісі