«Университет аруы-2017» анықталды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 26 сәуір күні «Университет аруы-2017» байқауы өтті. Іріктеуден өткен 7 ару финалға жолдама алған болатын. Білім мен өнерді қатар алып жүретін бірінен-бірі өткен сұлулардың арасынан ең үздікті анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады. Әділ баға беріп төрағалық ететін қазылар құрамында Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры З. Сабырова; Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бастығы Ж. Шыңғыс; ҚР мәдениет қайраткері, хореограф Б.Тұрғымбаева; Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, актер Ә. Иманғалиев; «ЭКСПО ЭКО МОДА» номинациясының жеңімпазы, жас дизайнер Перизат Татен; «Қазақстан КВН Одағы», «Алматы КВН» филиалының директоры О.Дінмұханбетұлы; Жас әнші Б. Марат сынды білікті мамандар төрелік етті. Қазылар алқасының таңдауға да, талдауға да мүмкіндіктері жетіп артылды. Өйткені, 5 кезеңнен тұратын арнаулы жобада арулар өздерін барынша көрсетуге тырысты. Бірінші кезең бойынша арулар өздерін таныстырды. «Өнерлінің өрісі кең» деп аталатын бөлімде қатысушылар өз өнерлерімен көрермендерді де қазылар алқасында тәнті етті. Дефиле яғни Қазақстандық «Перизат Татен» брендінің «Аманат ғасырлар мұрасы» атты сән үлгісі көрсетілді. «Зерделінің ойы озық» сұрақ-жауап кезеңі бойынша қатысушылар университет тарихы мен салт-дәстүр бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, байқауда жасырын болған кезең «Тәрбиенің мәні –астың дәмі». Арулар бұл сайыста өздеріне берілген ас үй құралдарын пайдаланып жемістерді өз қалауларынша кесіп, ыдысқа орналастырады. Бұл кезеңде сайыскерлердің ұқыптылығы мен ептілігі сыналды. Сайыскерлердің бірі мың бұрала билесе, ендігісі әуелете ән шырқап, сурет салып керемет туындыларды көрсетті. Енді бірі Монолог оқып көрермендердің көңілін босатса, келесі сайыскер «Титаник» фильміндегі танымал саундтрэкті орындап шықты. Қазақтың керемет дәстүрі бойынша ұзатылған аруларымыз да болды. Бар өнерлерін көрсетуге тырысып баққан арулар өз дәрежесінде марапатталды.

Сондай-ақ «Университет аруы-2017» байқауына демеушілік білдерген «Альфа Академи» білім академиясы аруларға ағылшын тілі курсында 1, 2, 3 ай көлемінде тегін білім алу мүмкіндігін ұсынды. «Пиноккио плаза» ойын-сауық орталығы қатысушыларға ролик тебу кешеніне тегін билеттер табыстаса, Маржан Нартайқызы макияж қызметіне сертификаттар ұсынды. «Ардаз Шоп КZ» интернет дүкені керемет сыйлықтар сыйласа, «Эдванс» студио сұлулық салоны аруларға тырнақ сәндеуге 50 пайыздық жеңілдік пен дизайнер – Перизат Тәтен; дефиле кезеңінде өз коллекциясын ұсынды. Сонымен қатар, «AVON» парфюм компаниясы аруларға әсемдік, сұлулық бұйымдарын табыстап, «Магберд» тур агенттігі 4 аруға Қазақсанның әсем жерлеріне жолдама, АЕН продюсерлік орталығы аруларға гитара үйрету курсы мен фототүсірілімге сертификаттар табыстады.

Байқауды қортындылай келе, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің студенті Алпысбай Аружан III орындs иеленсе, Әлеуметтік гуманитарлық факультетінің аруы Салихова Алина II орынды қанағат тұтты. I орын Әлеуметтік гуманитарлық факультетінің студенті Ғазиз Жаннұрға бұйырды.

Ал, Гран-При иегері, «Университет аруы-2017» байқауының жеңімпазы деп Төлеуғалиева Ақтоты танылды, ол – Өнер және мәдениет факультетінің студенті.

«Қыздар университеті»
медиа орталығы
8 (727) 2 79 38 05