Үміт Оңласын – Ілияс оқуларының жүлдегері

Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс әлемі» атты Жастар фестивалінен Қыздар университетінің студенттері жетістікпен оралды.

Жуырда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Жастар фестивалі болып өтті. Жастар арасында І.Жансүгіров шығармашылығын насихаттау, І.Жансүгіров шығармашылығы негізінде жастарды адамгершілік, патриоттық, эстетикалық рухта тәрбиелеу мақсатында өткен фестивальге еліміздің әр өңірінің жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Жастар «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» атты мүшәйраға атсалысып, интеллектуалды сайыста сөз жарыстырды.

Сайыстың шымылдығы Ілияс Жансүгіров ескерткішіне гүл қоюмен және «Ілияс ізбасарлары» атты әдеби клуб мүшелерінің арнау өлеңімен ашылды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің атынан ф.ғ.к., қауым.профессор м.а. Б.Ш.Қожекеева бастаған студенттер қатысып, марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Соғайын сөзімнен бір алтын сарай» атты мүшәйрада Оңласын Үміт III дәрежелі дипломмен марапатталса, «Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған» атты интелектуалдық олимпиадада Ахылбек Балжан Алғыс хатқа ие болды. Үміткерлерге жетекшілік жасап, білімдерін шыңдап, қанатын қатайтқан ұстаздар Б.Ш.Қожекеева мен А.О.Тымболова да арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Шара барысында Алматы қаласы ЖОО студентерінің шығармаларынан топтастырылған «Ілияс ізбасарлары жырлайды» атты жинақтың тұсауы кесіліп, қатысушыларға сыйға тартылды.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы

8(727) 2 79 38 05