Онлайн жүйесінде өткен ғылыми форум

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 26 сәуір күні Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық кооперациясының дамуының өзекті мәселелері» атты Халықаралық G-Global» Қазақстан порталында ON-LINE жүйесінде ғылыми форум өтті.

Онлайн жүйесіндегі конференцияға Запарожье ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ ауылдық аймақтарды дамыту және АӨК экономикасы ҒЗИ ЖШС-нің АӨК, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қатысып, тақырып аясында келелі-келелі мәселелерді қозғады.

Бұл форумның мақсаты – елдің агроөнеркәсіптік кешені экономиканың қайта өндіру және әлеуметтік мәнді салаларының негізгілерінің бірі. Өйткені халықтың киім кию және тамақтану қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуші бірден бір саласы болып табылады. ҚР Президенті 2017 жылы 30 қаңтардағы халыққа Жолдауында атап айтқандай, агроөнеркәсіптік кешеннің перспективалы болашағы зор. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру негізінде Қазақстан жақын болашақта көптеген позициялардан әлемдегі аграрлы экспортты өнім өндірушілер арасынан ірі өндірушілер қатарынан орын алмақ. Осы бағдарламаға сәйкес бүгінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға инвестицияның қомақты сомалары бөлінуде, Елбасының Жолдауында көрсетілгендей АӨК экономиканың жаңа драйверіне айналмақ.

Жалпы, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан ауылды, ауылшаруашылығын дамытуға үлкен мән беріп, нақты жұмыстар жүргізілуде. Өйткені, Қазақстан шмкізат өндіруші ғана емес, оны жүзеге асырушы болуы қажет. Елбасының барлық Жолдауларында ауылды көркейту мәселесі тұр. Ауыл көркейгенде ел экономикасы да едәуір ұлғаяды. Тіпті жуырда жарық көрген Ұлт Көшбасшысы Н. Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер туралы» арнайы бағдарлама бар. Бұл да ауыл мен ауылшаруашылығының, агроөнеркәсіптік кешенінің дамуының бірден бір тірегі болмақ. Осы форум барысында осындай қоғам үшін маңызды мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Студент-жастар өз тараптарынан сұрақтар қойып, оған тұшымды жауап алды. Форумда қарар қабылданып, ол бірауыздан мақұлданды. Форумның берері мол болды.

«Қыздар университеті»
медиа орталығы
8 (727) 2 79 38 05