Жаһандық әйелдер саммиті Жапонияда өтуде

Биыл да жылдағы игі дәстүр бойынша  жаһандық әйелдер саммиті Жапонияның Токио қаласында 27-ші рет өткізіліп отыр. Әйел мен гүл егіз ұғым, екеуі бір-бірінің баламасы десек, ең әдемі гүлдейтін сакура гүлінің Отанында мамыр айының 11-ші және 15-ші жұлдызы аралығында болып жатқан аталмыш саммитке әлем көз тігуде.

Айта кетер жағымды жаңалық, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева Қазақстандық делегация мүшесі ретінде бұл саммитке арнайы шақырылып, қатысып отыр. Еліміз бойынша 84 әйел-ханымдар жаһандық саммитке қатысу бақыты бұйырған екен. 62 елден келген делегаттың басын қосқан Жаһандық әйелдер саммитіне барлығы 1300 нәзікжандыларды құрайды. Біздің делегация санақ бойынша Қытайдан кейінгі екінші орында тұрғаны, көңілге үлкен медет. Ал, көрші Қытай Халық Республикасынан 96 өкіл келген.

Жаһандық әйелдер саммитінде Жапонияның Премьер-министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Синдзо-Абэ саммиттің ашылуына, барша нәзікжандылар қауымын құттықтап, оларға тек сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде әйелдер қауымыныңда бар сұлулық, нәзіктік болуымен қатар, шыдамдылық, төзімділік, ерге бергісіз ерік-жігер болатынын, ешуақытта шаршамай қоғам үшін де, отбасы үшін де жұмыс істейтіндігін тілге тиек етті. Сан тараптан келген делегаттар жан-жақты қарым-қатынасты нығайту туралы, әлеуметтік қорғау, отбасы және қоғам, гендерлік саясат бойынша тәжірибе алмасу жөнінде ауқымды-ауқымды баяндама жасап, келелі ұсыныстарын білдірді. Небір қызықты ой-пікірлерімен бөлісті.

Қазақ халқында «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөздің шын мәнінде түпкі мән-мазмұнына үңілсек, өте тереңде жатыр. Әйел-ананың алмайтын жетпейтін белесі, алмайтын қамалы жоқ. Табиғат оған керемет қарым-қабілет, сарқылмайтын күш-қуат, нағыз мейірімді де, мейірбан жүрек сыйлаған. Өз отбасы, ошақ қасы әңгімесінен бөлек, күллі әлемді мойындаттыратын қазақтың батыр әйелдері аз емес тарихымызда.

Махаббат жыршысы Әзілхан Нұршайықов ағамыздың былай дейтіні бар: «Неге екенін білмеймін, мен әйелдер туралы олардың жаратылыс табиғатындағы мәңгілік мазасыздық жайында көбірек толғанамын. Кейде менің әйелді түнгі бөлмеде маздап жанып тұрған шыраққа теңегім келеді. Олай дейтінім, шырақ бүкіл бөлмеге сәуле шашып, нұр таратады. Соның жарығымен үй ішінің күндізгі тіршілігі жалғасып, шаруасы істеліп, реттеліп жатады». Яғни, әйелге әлемге жарық нұры мен жан жылуын шашатын алтын арай. Әйелі бар үйдің берекесі, несібесі, ырысы бар.

Әйелдер саммитінің негізгі мақсаты – әйелдер қауымынң осындай асыл қасиеттерін елеп-ескеріп қана қоймай, оны өз дәрежесінде бағалауды көксейді. Қай елде болмасын, қай қоғамда болмасын қомақты үлес қосатын іскер әйелдердің барлығын, олардың ақыл-парасатын орынды пайдалануды, мемлекет әлетіне жарату қажеттігін айтады.

Бұл жаһандық саммиттің алдағы уақытта тек қана қыздар оқитын Қыздар университетіне берер тәлім-тәрбиесі мол болмақ.  

      «Қыздар университеті»
медиа орталығы
8 (727) 2 79 38 05