Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 268

«Kazakh Love Party» атты мерекелік кеші өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Студенттер Альянсы ұйымының ұйымдастыруымен қазақ жастарының ғашықтар мерекесі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай «Kazakh love party» Алматы қаласы жастарының мерекелік кеші өтті. Кештің мақсаты – мәдениет пен ұлттық дәстүрді жастар бойына сіңіру, махаббат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, рухани құндылықтарды дәріптеу, адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу, қарым-қатынастарын жақсартуға септігін тигізу. Бұл кешті Қыздар университетінің Жастар саясатын дамыту бөлімінің басшысы Н. Қайдаулова ашып берді. Сонымен қатар «Ұлағат» бастауыш париясының жетекшісі, Phd докторант М. Ахтаева, Жастар саясатын дамыту бөлімінің маманы А. Бақытжанқызы және тағы басқа Қыздар университетінің ұйым төрайымдары мен көшбасшылары жылы лебіздерін білдірді. «Kazakh love party» кешіне Алматы қаласының көптеген студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының басшылары мен белсенді жастары қатысты. Соның ішінде Алматы қаласының Жас Отан ЖҚ көшбасшысы Мади Ахмет, Жас Отан мүшесі Жақсылықов Дәурен, Алматы Студенттер Альянсы мен Алматы Жастар Конгрессінің көшбасшылары да мерекелік шараның қадірлі қонақтары болды. «Kazakh love party» барысы түрлі қызықтарға мен ойындарға толы болды. Соның бірін айта кететін болсақ, осы кештің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуын» анықтау мақсатында кішігірім жарыс ұйымдастырылды. Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен университетіміздің аруы – Аиза Талғарбаева мен Арман Белиев жұбы кештің «Қозысы мен Баяны» атанды. Және де олар осы кеш үшін арнайы әзірленген мерекелік тәтті бәлішті салтанатты түрде кесу құрметіне ие болды. Қатысушылар тамаша көңіл күйде болып, кешті қыздыра түсті. Ойынға қатысушылар арнайы ағылшын, қытай, араб, неміс, кәріс, оқу курстарына, Шарын шатқалына, би студиясында оқуға және т.б. көптеген арнайы жеңілдік алып, сертификаттармен марапатталды. Бұл кештің басқа кештерден ерекшелігі қонақтар жұп-жұбымен келуінде болды. Жастар ісі жөніндегі комитет көшбасшысы Назерке Тұрлығазиева: «Бұл шара тек жақсы көңіл және белсенділер арасында уақыт өткізу үшін ғана емес сонымен қатар, Алматы қаласы жастарының бір-бірімен қарым-қатынасының жақсаруына септігін тигізеді. Өз кезегінде осындай мүмкіндік беріп отырған ұйымдастырушыларға – ҚазМемҚызПУ «Студенттер Альянсы» ұйымына алғыс білдіремін», – деді. «Kazakh love party» мерекелік кешінің өтуіне «AlemNur» білім орталығы, «My Hangeul» кәріс тілі орталығы, «Kompas» туристік орталығы, «Now or never» білім орталығы, « Империя» би мектебі, «Nashpagat» шпагат мектептері бізді қолдап, демеушілік жасады. Аталған мекемелерге Студенттер Альянсы ұйымы атынан үлкен алғыс білдіреміз. Әр күніміз махаббат пен қуанышқа толы болсын!

Айжан Мамытова Айжан,
«Студенттер Альянсы» ұйымының көшбасшысы