Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 268

Қыздар университетінде тамыз кеңесі өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 29 тамызда «Қазақстанның жанғыруы - 3 білім берудің үлесі» атты тамыздық кеңес өтті. Кеңес барысында Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің Бірінші проректоры Б. Алиев сөз алып, былай деді: Бүгінде заман талабымен қоғамда көптеген өзгерістер орын алуда. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар», «Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады деді. Алға қойған мақсат-міндеттеріміз, оқу орнын жаңа белестерге көтеріп қана қоймай, еліміздің білім беру саласын өркендетуге де өз үлесін қосады деп сенетіндігін айтты.

Сондай-ақ, Педагогика және психология факультетінің деканы С.Жиенбаева «Жоғары білім берудегі мамандар даярлаудың инновациялық бағыттары» деген тақырыпта, ал Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Т. Ермекова «Рухани жаңғыру және жобалық кеңсе миссиясы» деген тақырыпта баяндама жасады.

Сонымен қатар Баходир Азимджанұлы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі және Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі жүргізген рейтингісінің қорытындысы бойынша жүлделі I, II, III орындарға ие болған мамандықтардың кафедра меңгерушілері Куәліктермен марапаттады.

Атап айтар болсақ, I орын кафедрасының меңгерушісі Т. Байназарова, Г.Салғараева, Н.Мырзахметова, Т.Қоңыратбай, Ж.Сүлейменова, Э. Ханкишиева, Р.Жексембиев. Сондай-ақ, II және III орынға ие болған педогогтарымыз да бар.

Университетіміздің дәстүрлі рейтинг нәтижелері бойынша жеңімпаздарды құттықтау рәсіміне Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы З. Сабырова сөз сөйлеп, айтулы мереке – Конуституция күнімен және құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Бұл тамыздық кеңестің Қыздар университеті педогогтарына берер тағлымы тәрбиесі, мән-мазмұны зор болды.

«Қыздар университеті»
медиа орталығы
8 (727) 279 38 05