Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 268

Қыздар университеті білім күнін атап өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі үстіміздегі оқу жылы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында еліміздің университеттерінде (ОҚМУ, ТарМПИ, ПМПИ, ҚарМУ, Жетісу университеті) - 67 студент, шетелде (MVSU, Өмер Халисдемир/Түркия, Қытай/Хубей, Қытай/Янцзы, Франция/Перпиньян және Польша/Силез университеті) – 140 студент пен магистранттар білім алды. Академиялық ұтқырлық бойынша университетке келіп білім алғандар саны – 129 (АҚШ 1 магистранты және Түркиядан 10 студент).

Аталмыш оқу орындарымен қосдипломдық білім беру жолдары қарастырылып Келісім негізінде, Миссисипи штаты алқаптарының мемлекеттік университетінде 2016-2017 оқу жылында – 1 студент және 2 магистрант, білім алды.

Дәстүрлі түрде бес жыл қатарынан ақпан айында университімізде «Ы.Алтынсарин пәндік олимпиадасы» өткізіліп тұрады. 2017 жылы ақпанда өткен олимпиадаға еліміздің барлық облыстарынан 3600-ге жуық оқушы қатысты. Оның ішінде әр пән бойынша ректорлық грантқа ие болғандар саны – 24 оқушы. 600-ге жуық қатысушы ҚазМемҚызПУ-дың оқу төлемақысына 10% жеңілдік құқығына ие болды. Биылғы оқу жылында олимпиада Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде өткізіліп, оған 500 оқушы қатысты.

Сондай-ақ, Университеттің ҒПҚ 2015 жылдан халықаралық «Эразмус+» бағдарламасына қатысуда. Есеп беру кезеңінде Эразмус+ бағдарламасы қаржы сметасында көрсетілген 6 721 230 теңгеге жоба жұмысын жүргізуге қажетті құрал жабдықтар алынып, педагогика-психология факультетіне қарасты 304 - дәрісхана жабдықталды.

G-Global жобасы бойынша үгіт-насхаттау жұмысын тарату мақсатында Университет «Жастар G-Global-ды қолдайды» 1 Республикалық байқауына белсене қатысып. Университетіміз 117686 дауыс жинап, 51 университеттің ішінде 9-орынға шығып, G-Global порталын үздік пайдаланушы атағын иеленді.

Расымен, қасиетті оқу ордамызда озат түлектердің жылдан жылға артып, білімді жастардың көбейгені көңілімізге қуаныш ұялатады. Соның бір дәлелі, биылғы жаңа 2017-18 оқу жылында университет табалдырығын 45 «Алтын белгі» иегері аттады.

Қазақ халқы қыздарын ежелден еркелете отырып, еркін тәрбиелеген. Қыздарының бойына азаматқа тән батылдық пен батырлықты қатар дарытып, заманына сай талабын жан-жақты дамытқан. Бүгінгі таңда сан түрлі сайыста нәзік білегімен, намысты жүрегімен жүлденің басын иеленіп, университет мәртебесін өсірген өнегелі спортшы қыздарымызды: Д. Айдосова, М.Григорова, А.Тұрсын, М.Құрманбай, Г.Якубова, Ә. Құрал, М. Тұрсыналиева, Р.Розамова, И.Душакова, Д.Әуелбекова, М. Русланқызын сахна төріне шақырып құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттілік тіледі. Өйткені, казіргі таңда ҚР еңбек сіңірген К. Горичева, ҚР халықаралық дәрежедегі спортшысы М. Елисеева, Самбо спортынан спорт шебері Еркін Күлімшат сынды спортшы қыздарымыз Әлем чемпионатына дайындық үстінде екенін атап өтуге болады.

Спорттағы нәзікжандылардың құрметіне орай Еліміздің Әнұраны шырқалып, Көк байрағы көтерілді.

Осындай Еліміздің мәртебесін асырып, көк байрағын желбіретер спортшы қыздарымыз көп болғай. Білім күніне арналған шара соңына қарай «Томирис» би тобы бастаған өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мінеки, қадірлі ұстаздар мен студенттер тағы да бір жаңа оқу жылы, жаңа екпін, жылы леп, жарқын қадам, жақсы ниетпен басталды. Баршаңызға білім күні мерекесі құтты болсын.

«Қыздар университеті»
Медиа орталығы
8(727)2 79 38 05