Латын қарпін қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырылды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 22 қыркүйек күні «Жастар саясатын дамыту бөлімінің» ұйымдастыруымен Қазақстан халықтары тілдері мерекесі қарсаңында Латын қарпіне көшуді қолдау мақсатында флэшмоб өтті. Флэшмобты филология факультетінің 3-курс студенті – Айдана Ибраимова жүргізді. Университет ұстаздары мен студенттер көңіл серпілтер бұл шараға бір кісідей атсалысты. Сандуғаш, Айдана сынды студенттердің рухты өлеңдерінен жастардың бойындағы намыстың желі есіп тұрды.

Күннің айтулы оқиғасы «Тілдер мерекесіне» арналған шара аясында Латын қарпіне көшуді қолдай отыра, жастар бар құлшынысымен жалынды жырға бимен өрнек өріп, «АНА ТІЛІ» деген жазуды бір кісідей сап түрінде жазып көрсеті. Би үлгісіндегі жазу сондай әдемі, біркелкі шығып, жиналған қауымның жүзінен қуаныш нұры төгіліп, бір марқайып қалды. Ана тіліне құрмет, төл таңбамызға көшу, жазуымыздағы жаңашылдық және жастардың оған икемділігіне, сауаттылығына куә болғандар жастарға алдағы уақытта да тек жақсылықтар мен жетістіктер тіледі.

Аталмыш флэшмобты ұйымдастырудағы мақсат – тіліміз қандай шұрайлы, жұп-жұмыр болса, жазуымыз да сондай әдемі, біркелкі болу. Латын әліпбиінің біздің тілімізге мүлдем жат еместігін және жастардың да бұл үрдісті қолдайтынын, болашақта тәжірибеде жүзеге асыратынына деген сенім.

Флэшмобта бүгінгі күннің хит әншісі Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Жаным қазақ» әні орындалып, студент-жастардың шабыты мен рухын одан ары асқақтатты.

«Қыздар университеті»
медиа орталығы
8 (727) 279 38 05