Мемлекеттік тіл құрметтелді

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне орай Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға факультет деканы А.О. Тымболова, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Алтынай Оразбекқызы өз кезегінде ұлттар достығының берік болуына, әрбір шаңырақта тыныштық орнауына тілек білдіріп, айтулы мерекемен жұртшылықты құттықтады.

Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналған. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының мәңгілік тіліне, Тәуелсіздігіміздің қуатты құралына, елдігіміз бен бірлігімізді туына, бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс.

Бүгінгі шараның мақсаты да – Егемен елдің ұландарын отансүйгіштікке баула, мемлекеттік тілдің біріктіруші тіл екенін кеңінен насихаттау болатын. Кеш соңы көңілді серпілтер әуезді әндермен жалғанып, ақындардың үзінділері (ағылшын, түрік, парсы, қытай, француз тілдері) оқылды. Сондай-ақ, студенттердің орындауында түрік биі, қытай және түрік биі және «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» қазақ тіліндегі қойылымдары қонақтардың көңілдерінен бір көтеріңкі етті.

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті