Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде – волейбол турнирі

Бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында өтетін ІХ – Жазғы универсиаданың қыздар арасындағы волейбол жарысы ашылды. Жарыстың ашылу салтанатын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова  құттықтау сөз сөйлеп ашты. Ол қатысушы командаларға сәтті өнер көрсетіп, жеңісті жолды жалғастыруға тілек білдірді.

Сайысқа Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында волейболдан 16 құрама командалары жаттықтырушыларымен келді. Алаң иесі ҚазМемҚызПУ спортшылар арасындағы дүбірлі жарысты концерттік бағдарламамен қарсы алды.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жастарды дене тәрбиесі мен спортқа тарту. Сондай-ақ студенттер мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды болып табылады.

Спорттың осы түрінен өз төрелігін айтатын бас төреші, волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Л.Г.Ким.