Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті танысу үшін жолдаған бейнероликті Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті басшыларға, профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлер мен білім алушыларға таныстырды. Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы жиынды ашып, тақырып аясында ой өрбітті. «Болашаққа қадам» тақырыбында көрсетілген бейнероликті талқылап, еліміздің рухани жаңғыру жолында атқарылған істер мен қол жеткен жетістіктер туралы жастар өз ойларымен бөлісті. Заман талабына сай механизмдерді жолға қойып, болашаққа қадам басу туралы пікір алмасты. Жиынға университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар қатысты.