«Қыздар университеті» газетінің жаңа саны жарық көрді

АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Қыздар университеті» газетінің жаңа саны жарық көрді. Басылымның қараша айындағы нөмірінде 27 материал берілді.
 
Атап айтқанда, бұл санда университетте өткен ауқымды іс-шаралармен қатар, Тұңғыш Президент күніне байланысты мақалалар топтастырылған.
 
Жуырда Ресейдің Челябі қаласында Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының форумы, университет студенттерінің білім, ғылым, өнер саласындағы жетістіктері мен оқу орны басшысының білімгерлермен кездесуі және дәстүрлі «Студенттер қатарына қабылдау» кешінен дайындалған мақалалар топтамасы газеттің 2-4 беттерінде.
 
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттар турасындағы оқу орнының профессор-оқытушыларының ой-пікірлері һәм ұсыныстары 5-бетте берілген. «Әдебиет» атты «ауылға» ат басын бұрып жүрген қызметкерлер мен студенттердің шығармалары «Ұшқын» әдеби-шығармашылық бетінде орналасқан. Сонымен қатар, биология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжамал Дүйісқалиева туралы «Ұлағатты ұстаз келбеті» атты мақала, жарық көрген жаңа кітаптар «Руханият» айдарымен, «Білім беру кеңістігінің биік өлшемі», «Айтайын дегенім...» тақырыптарындағы мақалалар «Зерде» айдарымен оқырман назарына ұсынылып отыр.
 
«Уик-энд» айдарымен университет студенттерінің спорттағы жетістіктері хақындағы материалдар мен фотосуреттер топтамасы берілген.
 
Газеттің электрондық нұсқасын мына жерден оқуға болады.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdaruniver
instagram: qyzdar_yniversiteti