Педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру курстары ашылады

 

АЛМАТЫ. 26 желтоқсан. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Біліктілікті жетілдіру орталығы 2017-2018 оқу жылына арналған педагог мамандар мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру курстарын өткізбек.
 
Сабақтар 2018 жылғы қаңтардың 8-і мен мамырдың 21-і аралығында жүргізіледі. 72 сағаттық жеке оқыту курсының құны 35 мың теңге мен 46 мың теңге көлемінде. 72 сағаттық топтық оқыту курсының бағасы 14 мың теңге, 36 сағатының мөлшері 10 мың теңге. Ал, 16 сағаттық психологиялық семинар-тренингтің құны 8 мың теңге.
 
Курс аяқталғаннан кейін арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
 
Қыздар Университетінің Біліктілікті жетілдіру орталығы әлемдік озық практикаларды ескере отырып, мұғалім мамандарын сапалы даярлауды қамтамасыз ету, педагогикалық тәжірибеге «өмір бойы оқыту» концептуалдық тәсілін енгізу, ұстаздарды кәсіби дамытуға инвестицияның барынша тиімділігіне қол жеткізу бағытында қызмет атқарады.
 
Осы орайда айта кетейік, еліміздегі білім беруді дамы­тудың 2011-2020 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдар­ла­ма­сында Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен білім беру тәсілдерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталғандығы қарастырылған. Білім саласындағы реформаларды жүзеге асыруда педагогтың еңбегі ерекше екендігі белгілі. Ендеше, қоғам алдына жауапкершілік жүгі ауыр мамандықты таңдаған мұғалім мәртебесін көтеру, жаңа заман талабына сай білім арттыру және біліктіліктерін көтеру міндеті де қойылған. Осыған орай бүгінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың және кәсіби дағдыларын дамы­ту­дың түбегейлі жаңа жүйесі құрыл­ды.
 
Педагог мамандардың және қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру курстарының тақырыптарын, ақпараттық хаты мен келісімшарт және өтініш үлгісін мына жерден жүктей аласыз.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdaruniver
instagram: qyzdar_yniversiteti