Қыздар Университетінің ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді

АЛМАТЫ. 10 қаңтар. Media_Ortalyq – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осыған байланысты Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы өз пікірін білдірді.
 
«Біз, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Сіздің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, таныстық.
 
Сіздің жыл сайынғы Жолдауыңыз өмірдің бір жарқын белесі, мемлекет дамуын жаңа деңгейге көтерудің сатысы деп санаймыз. Жолдау – отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға септеседі.
Сіздің әр Жолдауыңыздан еліміздің өсуінің белгілі бір кезеңін байқаймыз. Бұл жолғы Жолдау осыған дейінгі маңызды құжаттардың тұжырымы болып табылады.
 
Біздің ойымызша, адами капиталдың сапасын арттыру – мемлекет дамуын қамтамасыз етудің негізгі алғышарты. Қоғамның зияткерлік әлеуетін дамытуды жүзеге асыру педагог кадрларға тікелей байланысты. Осы орайда Сіз Жолдаудың жетінші негізгі міндетінде атап өтіп, білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс екендігін және бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру қажеттігін алға тарттыңыз. Расында да отандық жоғары оқу орындары ой-өрісі дамыған, талантты, зерделі және ұлтжанды ұстаз дайындауды одан әрмен жаңа деңгейге көтеру қажет. Өйткені жаңа мыңжылдықта өз кәсібінің қыр-сырын жете меңгерген мамандардың бәсі басым болмақ.
 
Сіз жүктеген міндеттерді жоғары дәрежеде орындау үшін мұғалімнің мәртебесін көтере түскен абзал. Бұл осы аталған басымдықтардың орнықты іске асуына ұйытқы болмақ. Сондай-ақ, педагогтардың кәсіби біліктілігін заманауи технологиялар арқылы көтеруге басты назар аудару керек.
 
Жолдауды барша отандастарымызбен бірге Қыздар университетінің ұжымы да қолдайды және құжатта көрсетілген өз саламызға қатысты міндетті алда іске асыруға өз үлесімізді қосатын боламыз», – делінген пікірде.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdaruniver
instagram: qyzdar_yniversiteti