«Беу, қыздар-айда»

«Беу, қыздар-айда» бас жүлде
 Наурыз айының 20 жұлдызында Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен осы ауданға қарайтын жоғары оқу орындары арасында «Беу, қыздар-ай» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасы гендерлік теңдік стратегиясы мен Жастар саясатының жүзеге асырылуы, наурыз мерекесінің тойлануы, студенттердің ауданның қоғамдық, мәдени өміріне араласуы, мәдениет, ұлттық дәстүр, отбасы құндылықтарын насихаттауды күшейту болып табылады.

 5

Байқау нәтижесінде (Сәлемдесу; Бейне байқау; Жанкүйерлер арасындағы би жарысы; Сергіту; Аспаздық байқауы; «Фото» топ басшыларының байқауы сында турлардан өту) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Томирис» тобы бас жүлдені иемденді. Байқауда 2 орынды М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясы, 3 орынды Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы жеңіп алды. Әділқазылар алқасында жұмыс жасаған Алмалы ауданының әкімі Марат Пірімбетов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, «ЖАДО» продюсерлік орталығының басшысы Жадыра Сахиева жарысқа қатысқан қыздарға ризашылық ықыластарын білдірді.

1 2 3 4
Ректордың баспасөз қызметі