2012 жылдың 17 ақпанында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және қазақ әдебиеті каф

    2012 жылдың 17 ақпанында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және әдебиеттану ғылымының теориялық мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

   Конференцияға шетел ғалымдары, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының ғалымдар мен оқытушылары, колледж, лицей, гимназия, орта мектеп мұғалімдері, ғылыми-зерттеу мекемелерінің және облыстық, аудандық білім басқармаларының, педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының қызметкерлері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен зиялы ата-аналар шақырылады.

 

Конференция төмендегі бағыттар бойынша өтеді:

 

- ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихын, әдебиет теориясының негіздерін тәуелсіздік идеясы тұрғысынан зерделеу және тәуелсіздіктің қоғамдық ғылымдарға, қазақ әдебиеті мен тіл ғылымына әсерін зерделеу;

- тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетінің қоғамдық-эстетикалық мәні мен қызметінің өсу, жетілу сатыларын, әдеби жанрлар мен оның тәсілдерін зерделеу, даму, кемелдену кезеңдерін саралау;

- халқымыздың тарихи зердесінің елеусіз қалған тұстарын қалпына келтіріп, ұлттық сана-сезімнің нығаюына және қоғамдағы ізгі мұраттардың орнығуына әсер ету, алыс-жақын шетелдердегі әдебиет пен мәдениеттің қазақ руханиятымен сабақтастығын тәуелсіздік идеясының аясында зерттеп-зерделеу;

- әдебиетті бүгінгі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан жаңаша бағалап, оның түпкі тегі болып табылатын бастауларына ғылыми таным сәулесін түсіру. Конференция Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің мәжіліс залында өтеді.

 

 

Ұйымдастыру алқасы:

Мекен-жайы: 050000 Алматы қ., Гоголь көшесі, 114.

ҚазМемҚызПУ: Қазақ әдебиеті кафедрасы, №218

Факс: 8(727) 233-18-35

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны: 8(727) 233-19-31.