13 магистрант Пекинде болып қайтты

Қытай Халық Республикасының астанасы Пекин (Бейжің) қаласындағы Орталық Ұлттар Университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 13 магистранты академиялық ұтқырлық бойынша 2-21 сәуір аралығында білімін жетілдіріп қайтты. Аталмыш университетті бітірген қазақтың ұл-қыздары Қытайдың мемлекеттік Ұлттық істер мекемесі, Орталық радиосы сынды маңызды орындарда жұмыс атқару мүмкіндігіне ие болатын беделді оқу орындарының бірі саналады. Пекиндегі Орталық Ұлттар Университеті Қазақстан Республикасынан басқа шет елдегі бірден-бір қазақ тілін жоғарылатып оқытатын жоғары оқу орны болып табылады. Университетіміздегі Қытай тілі орталығының меңгерушісі Жанат Аметханның жетекшілігімен барған «музыкалық білім беру» және «кәсіптік білім» мамандығының магистранттарын осы факультеттің деканы, ғалым, доктор Жаң Диңжиң өзі қарсы алып, ғылыми тағылымнамадан өту барысын тікелей қадағалап, жеке мамандықтар бойынша сабақтар орналастырып, университет академиялық мобильділік бойынша білімін жетілдіруге барған магистранттарымыздың өз деңгейінде жұмыс істеп, ізденуіне толық мүмкіншілік жасады.

1 2

Баспасөз қызметі