WI-FI іске қосылды

лого инет

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Wi-Fi  желісі іске қосылды. Бүгінгі күнде №1, 2, 3 оқу ғимараттарын, ғылыми кітапхананы және барлық жатақханаларды қамтыған 35 WI-FI нүктесі толықтай іске қосылып, өз қызметін көрсетуде.

Ақпараттық коммуникацилық технология орталығының хабарлауынша Wi-Fi желісін пайдалану үшін оның логинімен паролін білу керек. Оқытушылар мен студенттер универ жүйесіндегі «Жаңалықтар» бөлімінен логин мен парольді алу арқылы университет аумағында сымсыз интернет желісін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Қыздар университеті заманауи технологияларды пайдалану арқылы ақпарат алмасу, онлайн сабақтар өткізу, электронды кітаптар қорын құрып, студенттерге электронды нұсқада кітап оқуға мүмкіндік туғызып отыр. Дәрісханаларда интерактивті тақталар орналастырып, мультимедиялық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, кітапхана мен жатақханалар компьютерлермен қамтамасыз етіліп, арнайы кабинеттер жасақталған. Студенттердің сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасалып отыр. Ендігі кезекте студенттер қыздарға Wi-Fi  желісі арқылы интернетті тәулік бойы пайдалануға мүмкіндік жасалды. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған заманауи құрылғы тұтынушыларға сабақ үлгерімдері мен білім қорларын жақсартуға үлкен көмек  болады деген сенімдеміз.


«Қыздар университеті»
Медиа орталығы
279 38 05